Мастер-класс на кафедре фармацевтической технологии

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 21 ақпан 2024 жылы «Фармация» симмуляциялық орталығында ФӨТ білім бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге мастер-класс өткізілді. Мастер-классты фармацевтикалық технология кафедрасының доценті Алимова У.С. «Қатты дәрілік қалыптар. Таблеткаларды алу әдістері» тақырыбына жүргізді. Доцент Алимова У.С. қатты дәрілік қалыптар жайлы шолу жүргізіп, оларды алу технологиясы жайлы түсіндірді. Сонымен қатар таблеттеуші машинамен қалай жұмыс жасау керек екендігін толық көрсетті. Мастер-класс жоғары деңгейде өтті, студенттер қызықты болды. Студенттермен кері-байланыс жүргізу мақсатында Алимова оларға сұрақтар қойды, студенттер сұрақтарға жауап берді.