МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО-НЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ ЖАҚЫПБЕКОВ ҚАЙРАТ САПАРХАНҰЛЫ!!!

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталды. Астанада «2019 жылдың Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі» атағын табыстау бойынша Республикалық конкурстық комиссиясының отырысы өтті. Конкурстың нәтижесі бойынша «Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы» номинациясына Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент м.а. Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы ие болды.

Қадірлі Қайрат Сапарханұлы!

Сізді «Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы» номинациясына ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің уақытымыз жақсы, қуанышты хабарлармен сирек қуантады. Марапат өзінің батырын тапқандығын білу – бізге үлкен қуаныш! Сізді құттықтай отырып, Сіздің бағыңызға қуанамыз – және өзімізге өзіміз қуанамыз. Сізге, қадірлі бастық, осы ауыр жолда көптеген жетістіктер, сонымен қатар мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға бақыт пен береке тілейміз.

Сіздің сенімді Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ұжымы.