19.10.2022 жылы 14:30 де ФӨТ 22-013 курраторлық тобыммен «Дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту» тақырыбында кездесу өткізілді. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы — адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.
Бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата — әжеміз, аға — әпкеміз, іні — қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!