2015 жылы ақпан айының 1-ші жұлдызында ҚазҰМУ-дың Фармацевтика факультетінің студенттері Алматы қаласындағы №1 Балалар үйіне қайырымдылық шарасына белсене ат салысты. Әрбір студент тарапынан ерікті түрде кем дегенде 500 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы жиналған ақша қоры 59208 теңгені құрады. Жиналған ақша түгелдей дерлік балалардың игілігіне жұмсалып, қазір аса қажетті деген заттар алынды. Ұйымдастырушылармен бірге 30 студент балалар үйіне барып,олардың тұрмысымен танысып қайттық. Балалар үйінде “Сұңқар”, “Балапан” және “Айгөлек” сынды 3 топты құрайтын 38 бала тұрып жатыр. Олар 7-14 жас аралығындағы балалар. Балалар бізді жылы шыраймен қарсы алып, тіпті бізге өз өнерлерін де көрсетті. Өнерлі балалардың не нәрсеге де болса қабілетті екендігіне өз көзімізбен куә болдық.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар:
Студенттік Декан, Студенттік Үкімет.