Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының лекторы Муканова Арайлым Бейбитқызы қазан айының 19-да Фармация мамандығы бойынша 4 курс ФА19-001к тобына «Әлеуметтік фармация» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: «Адам-қоғам-медицина. Фармацевтикалық көмек-өзара әрекеттесу салалары. Фармациядағы маркетингтің әлеуметтік тенденциялары». Сабаққа 11 студент қатысты.
Әлеуметтік фармация – енді ғана пайда болып, тез қарқынмен дамып келе жатқан медициналық салалардың бірі болып табылады. Мақсаты — халыққа және емдеу-профилактикалық ұйымдарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар айналымының субъектілерінің маркетингі, есебі, бақылауы және ұйымдастыруы саласында білімдерді алу, тәжірибелік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру.
Сабақ барысында бастапқы білімдерін тексере отырып, студенттерді шағын топтарға бөліп, интерактивті әдістерді қолдана отырып берілген тақырыпта әр түрлі тапсырмалар орындалды. Атап айтқанда, көрнекті материалдарды (видео ) қарастыру және талқылау; нақты мәселені шешу бойынша дебаттар және ситуациялық есептер; берілген материалды бекіту бойынша кроссворд, ребус шешу, гиперссылка бойынша сұрақ-жауап, Kahoot ойыны болды.