«Фармация» мектебінің оқу дәрісханасындағы сабақ

2024 жылдың 13 ақпанында «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасының ассистенті Конаш Нышанбай Ермекұлы «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» пәнінен «Бөлшек сауда дәріханалары және майда бөлшек сауда желісінің еңбек ету қағидалары. Дәрілік заттарды рецептісіз босатуды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Фармация» БББ 3 курс, ФА21-001К тобымен «Фармация» мектебінің оқу дәріханасында сабақ жүргізді. Сабақ өту барысында оқытушы заманауи оқыту әдістерін (TBL, CBL) қолданды. Студенттерді шағын топтарға бөліп, дәріханада жиі болатын кикілжіңдер мен фармацевттің нормативті құжаттарға сәйкес келмейтін іс-әрекеттері бойынша ситуациялық есептер жасауды тапсырды.

Студенттер 3 шағын топқа бөлініп, ситуациялық есептер құрастырды. Ситуациялық есептерді оқу дәріханасында көрініс ретінде көрсетті. Оқытушы ситуациялық есептерді тексеріп, ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес сілтеме берілгендігін және сол бұйрықтар негізінде процесті бағалау қажеттілігін атап өтті.

Әр түрлі оқыту әдістерімен сабақ жүргізіп жүрген жас оқытушы Нышанбай Ермекұлы студенттерге жан-жақты білім беруде жемісті еңбек етіп келеді.

Сабақ барысындағы видео сілтемелері:

https://www.instagram.com/reel/C3ZqkactL5X/?igsh=MTIyOXp5b2Q3azNhcQ==

https://www.instagram.com/reel/C3Zq7PVNzmr/?igsh=MWdxazNlMjdkMXdydw==

https://www.instagram.com/reel/C3Zq5ALte6k/?igsh=N2xpb2FtbjVrc3Yy