ХАРЬКОВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫЖУРАВЕЛЬ ИРИНА АЛЕКСАНДРОВНАМОДУЛДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

ХАРЬКОВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫЖУРАВЕЛЬ ИРИНА АЛЕКСАНДРОВНАМОДУЛДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

 

Оқу тәжірибелерінің оқу үрдісінде алатын орны ерекше екені мәлім. Инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту мақсатындағылымның мәртебесін көтеру бағыты бойыншауниверситетімізде көптеген іс-шаралар жүргізіліп, іске асырылуда.2015 жылдың наурыз айының 10-шы және 20 жұлдызыаралығында, Украйна мемлекетінің Харьков қаласындағы ұлттық фармацевтикалық университетіндегі токсикология кафедрасының меңгерушісі,х.ғ.д., профессор Журавель Ирина Александровна«Фармацевт-токсиколог» модулінің шақыртуымен келіп, модулде дәріс оқыды. Визитинг-профессор Журавель И.А. 5В110300 «Фармация» мамандығына арналып жүргізілетін «Токсикологиялық химия» пәнінен 10 күн ішінде, күніне 6 сағаттан дәріс курсын оқумен қатар семинар жүргізді. Оқу тәжірибелерінің оқу үрдісінде алатын орны ерекше екенін ескерсек, ал студенттер үшін шет елдерінің тәжірибесімен танысуы үлкен маңызға ие.

Визитинг-профессор Журавель И.А. наурыз айының 19-шы жұлдызында К.Қожаханов атындағы практикалық дағдылар орталығында,«Человек в химическом мире. Аналитическая токсикология: возможности и перспективы»атты тақырыпта актты дәріс оқыды.

Дәріске 4 және 5 курс студенттерімен бірге магистранттар, PhD докторанттар, «Фармация» оқу департаментінің директоры Г.О.Устенова, факультет және модулдің ОПҚ құрамымен бірге токсикологиялық химия саласына қызығушылық танытатын мамандар қатысты.

«Визитинг-профессор»бағдарламасы аясында ұйымдастырылған дәріс барысында студенттермен бірге, дәріс тақырыбына қатысты жағдайларды талқылау улкен қызығушылық танытты. Дәріс соңынан департаменттің директоры Г.О.Устенова, білікті маман профессор Т.Б.Байзолданов және доценттер К.А.Чекотаева мен А.Н.Нұрғалиевалар пікірлерін білдірді.

Департамент директоры, арнайы шақырылған мамандар және модуль оқытушылары өз лебіздерін білдіргеннен кейін,Харьков қаласындағы ұлттық фармацевтикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келген студенттер, білім алу барысында ерекше әсер алғандары жайлы сөз қозғап, алғыстарын білдірді.

Визитинг-профессор Журавель И.А. жоспарланған оқу бағдарламасын сәтті аяқтады. Актты дәріс аяқталған соңвизитинг-профессор И.А.Журавель, модулдің жетекшісі доцент А.С.Қожамжаровамен университетіміздің студенттерінің заманауи білім алуына көрсе­тіліп отырған қамқорлығының жемісі, халықаралық стандарттарға сәйкес жасақталып, ашылғанК.Қожаханов атындағы практикалық дағдылар орталығындағы симуляциялық орталықты аралап, студенттердің за­ман талабына сай жаңа орталық­та жүргізілетін практикалық дағдыларын тамашалумен қатар, университетіміздің ауласында орналасқан кеңес Одағының батырлары М.Маметовамен В.Иваниловтың және Қозы Көрпешпен Баян сұлудыңтарихи ескерткіштерін аралап, олардың өмір деректері жайлы таныстырылып, соңынан естелік суретке түсіп тарастық. Қазақстанда мемлекеттік саясатты жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн деп санаймын.

Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі доцент Қожамжарова А.С.