26 сәуір 2016 жылы Астана қаласында Өнертабыс саласындағы XIII Республикалық «Шапағат-2016» байқауы өтті. Байқау төрт номинация бойынша мараппатталды:
- Жыл өнертабысы;
- Өнертапқыш әйел;
- Ең жас өнертапқыш(16-29 жас);
- Жас дарын (16 жасқа дейін).
«Ең жас өнертапқыш» номинациясы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина уинверситетінің Фармация Институты,«Фармацевт-аналитик» модулінің жас оқытушысы, PhD Тургумбаева Акнур Аманбековна «Қазақстандық мақсары «Ақ Май» түрінің гүлдерінен биологиялық белсенді заттарды алу тәсілі» атта ҚР патенті бойынша жеңінпаз атанды. Әріптесіміз «Фармацевт-аналитик» модулінің оқытушысы,PhD Тургумбаева Акнур Аманбековны құттықтаймыз.