Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы

Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы ,халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып ,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр.
М.Әуезов
Бүкіл Алаш жұрты,еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін ұлы Абайды жақсы білсе,ал Абай арқылы қазақ елін төрткүл дүние танитыны хақ.Көзі тірісінде өзінің көрген қайғы-қасіретіне қарамастан ,жұртының сол кездегі хал-жағдайын көріп ,ақ параққа жанынан ақтарыла ойын жазып,халқының шел басқан жанарын тазартуды көздеді.Бүгінде уақыт пен тарих әр нәрсені өз орнына қойды.Халқының қамын жеп ,халқының қамы үшін көп нәрсені құрбан етіп,аяулы армандарынан бас тарта еңбек еткендер тарихта мәңгі қасқайып қалды.Соның бірі,осы күні бүкіл халық оның алдында бас иетін –ұлы Абай.
Байтақ елдің жүрегінде елеулі орын алатын қазақтың бас ақыны Абайға деген құрметпен,Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стомотология факультетінің ұйымдастыруымен сәуір айының 22 жұлдызында “Өлмейтұғын артына із қалдырған” атты факультет аралық сайыс өткізілді.Сайыс үш бөлімнен тұрды. “Өлең сөздің патшасы-cөз сарасы ” алғашқы бөлімінде студенттер қалауы бойынша Абайдың өлеңін көркемдеп жатқа оқыса, ал “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” айдарында Абайға өз шығармашылықтарын арнады. “Өлмейтұғын артына із қалдырған” үшінші бөлімінде Абайдың қара сөзін жатқа айтудан жарысқа түсті.Соңғы “Бәйге”атты бөлімде,Абайдың өмір жолына ,шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің білімі бағаланды.Сайыста студенттердің көркемдеп оқу шеберлігі,білімі мен шығармашылық қабілеттері сыналды.Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша ,Фармацевтика факультетінен қатысқан 1курс студенті Меруерт Манатова “Үздік Абайтанушы”номинациясын жеңіп алды.
Сайыстың барынша жоғары деңгейде және тартысты өткені жөнінде әділқазылар тарапынан пікір айтылды.Бұл сайысқа келген көрермендер де,қатысушылар да Абай шығармашылығынан сусындап қана қоймай, рухани мол қазына,жүректі елжіретерлік үлкен әсермен қайтты.Себебі,бүгінде оның өлеңдері өскелең ұрпақтың бойына рухани,адамдық, ізгілік,парасаттылық,сауаттылық,еңбексүйгіш қасиеттерін қалыптастырады.Осындай тәрбиелік маңызы зор кешті ұйымдастырған Стомотология факультетіне алғыс білдіреміз.

Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын тамызып,
Қас шешендер сөз айтар.
Қас шешенмін демеймін ,
Ақынмын деп те көкірек кермеймін,
Жалғыз мақтан етерім
Абай туған өлкеден мен келгенмін.

Ақындар бар өлмеген ,
Ажал көрге Абай даңқын көмбеген.
Ол қазақтың аспанының жұлдызы,
Байтақ елдің жүрегінен сөнбеген.

Әрбір сөзі бойды түгел баулайтын,
Оқығанда бар санамды шарлайтын
Ой тасытты қан тамырын желкемнің ,
Өз отыма өзім жандым өртендім.

Адалдық,жақсылықты аңсады,
Бұл жолға қазағын ол бастады.
Өз жұртының жанарын
Тұман бүркеп,басқан бұлттан тазартты.

Өлеңдерін оқып едім, көзім түсті бір жолға:
“Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой лдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған” деген ұлы сөздерін
Бүгін міне өзіне арнап тіледім.

Уақыттан ой жасырма,сыр бүкпе,
Міңгілік жоқ екендігін білдік те.
Өлмейтұғын армандарды арқалап,
Өлеңдері өмір сүрер тірлікте!

Меруерт Манатова.