7 сәуір күні С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Дүниежүзілік денсаулық күні. Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйым, басқару және фармация экономикасы мен клиникалық фармация кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараға В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, кафедра оқытушылары және арнайы қонақ — армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы, Азияның жеті дүркін чемпионы, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы Шамиев Мәжжан Қазыбекұлы қатысты.
Дөңгелек үстелде жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және болашақ фармацевтердің денсаулықты нығайту мен алдын алу мәдениетін дамытудағы рөлі талқыланды. Қорытынды бойынша қатысушылар бірқатар маңызды шешімдерге келді: білім беруде пәнаралық тәсілді енгізу, студенттік бастамаларды қолдау, мотивациялық спикерлерді тарту және студенттердің қатысуымен ақпараттық материалдар дайындау қажет екендігі айтылды.
Қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушылар мен құрметті қонаққа шабыттандыратын сөздері мен салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.