ОРЫС ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
2012-2013 оқу жылына арналған орыс тілі кафедрасының құрамы
Жанпейс Ұлтай Ахметжанқызы | Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының академигі (Ресей, Мәскеу) кафедра меңгерушісі. |
Оспанова Жанат Айхимовна | Қазақ бөлімшесі бойынша оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы |
Чумбалова Гульмайра Мухамедовна | Филология ғылымдарының кандидаты , доцент |
Дәркембаева Роза Джамхановна | Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент |
Өзекбаева Назым Асылгазиевна | Педагогика ғылымдарының кандидаты, доценттің м.а. |
Әсембеков Сеитзада Бибатырович | аға оқытушы |
Балтабаева Эльмира Ондасыновна | аға оқытушы |
Бекпентаева Ляйле Сандыбаевна | аға оқытушы |
Ботатаева Ұлжан Ақылтаевна | аға оқытушы |
Ефименко Альмира Галимовна | аға оқытушы |
Көкенова Закира Қонысбекқызы | аға оқытушы |
Тойғанбекова Мөлдір Ерлановна | оқытушы |
Тұрысбекова Гүлмира Жұмақанқызы | оқытушы |
Яхина Хаят Харисовна | оқытушы |
Котлярова Ирина Васильевна | Тағылымдамадан өтуші оқытушы |
Арқабаева Гүлсім Сейіткәрімқызы | Оқытушы, дайындық бөлімшесінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі |
Байбурина Құралай Ахановна | аға оқытушы |
Бердалиева Тамара Құндызбаевна | аға оқытушы |
Исқақова Нұрия Ақпаевна | аға оқытушы |
Қаимова Дидар Баяновна | аға оқытушы |
Лазариди Елена Исааковна | аға оқытушы |
Лутковская Татьяна Васильевна | аға оқытушы |
Нусупова Гульнур Манаповна | оқытушы |
Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі
Профессор
Ұ.А.Жанпейіс. – орыс тілі кафедрасының меңгерушісі
Жанпейіс Ұлтай Ахметжанқызы
1955 жылдың 19 қаңтарында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қазақ.
1976 жылы Абай атындағы ҚазПИ филология факультетін үздік белгісімен бітірген, орыс тілі және әдебиет оқытушысы болып, Ы.Алтынсарин ат. ПҒҒЗИ КҒК, АҒК болып жұмыс істеді. 1985 жылы орыс тілін оқыту әдісі бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
1987 жылдан бастап – Абай ат. ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиетті оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі.
1999 жылы Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі ( бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі орыс тілі) — 13.00.02 мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
1997-2005 ж.ж. Абай ат. ҚазҰПУ орыс тілін және әдебиетті оқыту теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі, 2005-2009 ж.ж. Абай ат.ҚазҰПУ профессоры.
2009 жылдың қарашасында С,.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының меңгерушісі лауазымына конкурс арқылы тағайындалды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының академигі Ұ.А. Жанпейіс 150 астам ғылыми жұмыстары : монографиялары, оқулықтары, типтік бағдарламалары, әдістемелік оқу құралдары, әзірлемелері, оқу сөздіктері бар. Ол тек республиканың ЖОО үшін ғана емес педагогика ғылымдарының 28 кандидатын және и педагогика ғылымдарының 3 докторды сондай-ақ алыс шетел: Оңтүстік Корея, Германия үшін қорғатып шықты.Ұ.А.Жанпейіс Қазақстандық лингводидактикасын дамытқанына байланысты қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының жетекші ғалымы» атағына ие болды.(2005).
Жоғары оқу орындары жүйесінде «Казахско-русский тематический словарь» (2011), «Русско-корейский тематический словарь» (2001), «Методика преподавания русского языка в модулях» (2005), «Методика изучения лексики и фразеологии русского языка» (2006), «Методика изучения морфемики и словообразования русского языка» (2007) деген оқу құралдары нәтижелі қолданылуда.
«Русская речь для 5 класса» (2000, 2005), «Русская речь для 7 класса» (2012), «Русский язык для 10 класса общественно-гуманитарного направления» (2006-2010), «Русский язык для 10 класса естественно-математического направления» (2010) деген қазақ және ұйғыр тілдерінде оқытудың жалпы білімс беру мектептерінің жаңа буыны оқулықтарының авторы.
Профессор Ұ.А.Жанпейіс – орыс тілі бойынша 12-жылдық оқыту бойынша жобаның жетекшісі, «Русская словесность в школе»
«Почётный работник образования Республики Казахстан»(«Қазақстан Республикасының білім берудің құрметті қызметкері») медалімен марапатталған. (2005). С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасы үшін ол 2 педагогика ғылым кандидатын: Н.А.Өзекбаева мен Р.Ж.Дәркембаеваны даярлады.
Орыс тілі кафедрасы
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының тарихы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тарихы қалыптасуымен тызыз байланысады.
Әр жылдары орыс тілі кафедрасын аға оқыт. К.Е. Бреусова (1950-1975), доц.А.И. Судакова (1975-1986), проф. С.Е.Тілегенова (1986-2007) басқарған, сонымен кафедра «Кафедра русского и казахского языков, «Кафедра русского языка как иностранного», «Кафедра русского языка с курсом общетеоретических дисциплин», «Кафедра языковой подготовки» деп аталған.
Кафедраның дамуында қатысқан алғашқы оқытушыларының ішінде Смирнова А.Г., Мусатова В.В., Шәкенова О.Б., Подкотилова Л.С., Садиева В.Г. Болашақ дәрігерлерді даярлауда үлкен үлесті латын тілінің оқытушылары Тё Р.Б., Георгиади В.Г., Васильченко В.Н., Галиева В.А., Абульхаирова Н.У., Жантасова С.У.қосты, олар медициналық ЖОО студенттері үшін латын тілі бойынша оқу-әдістемелік базасын: 4 типтік және оқу бағдарлама (1999; 2002), 7 оқу құралы мен тест тапсырмаларының жиынтығы.
1983 жылдан бастап кафедра оқытушылары шетел студенттерін оқытады. Аталмыш мерзімде (Тлегенова С.Е., Подкотилова Л.С., Сексеналинова Х.Х., Лазариди Е.И., Каимова Д.Б., Искакова Н.А., Лутковская Т.В., Бердалиева Т.К. және өзгелері) кафедра қызметкерлерімен әзірленген және шетелдік үйренушілерге көптеген оқу құралдары, әдістемелік нұсқауларды, мәтіндер мен жаттығулар жиынтықтарын басып шығарды. Шетелдік студенттер орыс тілі бойынша жыл сайынғы олимпиадаларда үнемі жүлделі орындарға ие болған. (Мәскеу, Алматы). Қазіргі таңда дайындық бөлімшесінде Ауғаныстаннан келген студенттер оқып жүр.
Кафедра ауқымды тәрбие жұмысын жүргізеді: атақты тұлғалармен кездесулер, экскурсиялар, орыс әнінің, өлең оқырмандарының сайыстары және т.б. ұйымдастырылып тұрады.
Кафедра мүшелері үнемі халықаралық, республикалық пен ЖОО арасында Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Ростове-на-Дону қаласында, Ереванда, Львовта, Белгородта, Ташкентте, Андижанда, Бишкекте және т.б. конференцияларды ұйымдастырып тұрады.
Кафедра ұстаздарының жұмысы универсиеттің әкімшілігімен еңбектеріне қарай лайықты бағаланады: аға оқыт. Е.И. Лазариди «Отличник здравоохранения Республики Казахстан» деген кеудебелгісімен марапатталған, көптеген оқытушылар Құрмет мадақтамаларымен бірнеше рет марапатталған. 2009 жылдың қараша айынана бастап орыс тілі кафедрасын Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының академигі (Ресей, Мәскеу) басқарады, ол қазақ тілінде оқыту мектептерінің 5,7,10-шы сынып оқушылары үшін орыс тілі бойынша қолданыстағы бағдарламалары мен оқулықтарының авторы болып табылады. Қазіргі таңда кафедраның ғылыми бағыты оқытудың кредитті жүйесі жағдайында орыс тіліне болашақ мамандығына бағыттап оқытып-үйретуіндегі проблемаларды зерттеу болып табылады. ПОҚ негізгі міндеті – болашақ медик студенттердің коммуникативтік құзыретін, сөйлесу қызметінің негізгі салалары мен түрлерінде коммуникативті міндеттерін орыс тілі құралдарымен шешу қабілеттерін, кәсіби құзыреттерін қалыптасуына ықпалын тигізетін ақпаратты алу үшін мамандығы бойынша ғылыми әдебиетті қолдана алуын қалыптастыру.
Кафедраның оқу –әдістемелік жұмысы
Кафедраның оқу –әдістемелік жұмысындағы инновациялығы оқу- кәсіби қызметі саласындағы үйренушілердің бір мезгілде тілдік (когнитивтік), сөйлесу (операциялық), коммуникативтік (аксиологиялық), құқықтық құзыреттерінің, ал сонымен қатар студенттердің білімін өзі дамыту құзыретін бір мезгілде қалыптастырылуына және дамуына бағытталған медициналық білім берудің жаңғыртылған жүйесі жағдайында орыс тіліне оқыту үрдісінде студентердің болашақ мамандығына бағыттау құзыреттерін қалыптастырудың әдістемелік тұрғысынан негізделген білім беру стратегиясы мен тактикасын құру болып танылады. Орыс тіліне кәсіби- бағыттап оқытуда оқу үрдісін оңтайландыру және құзыреттілікке жақындатып оқытуды жүзеге асыру мақсатында, оқытушылармен студенттердің болашақ мамандықтарын есепке алуымен танымдылық мүдделерін және қажеттіліктерін көрсететін коммуникация үрдісінде студенттердің белсенді сөйлеу қызметін ынталандыратын интерактивті әдістері кеңінен қолданылады. Оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдері медициналық ЖОО- да оқытудың құзыретті оқытудың замануи талаптарына сәйкес пәннің мақсаттары мен міндеттержүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелік сабақтарында мамандықтары бойынша студенттердің кәсіптілік тіліне үйретуде қүзыреттілікке жақындатып оқытуды жүзеге асыру үшін мәтіндерінің базасында студенттердің сын ойын дамыту технологиялары, кластер әдісі қолданылады; оқытудың интерактивті тәсілдері мен нысандарының жүесі жетілдіріледі (практикум-сабақ, тренинг-сабақ, коммуникативті тренинг). Әдістер нысандары өзге тілдерден енгізілген, бірақ «Орыс тілі» пәні медициналық профилін есепке алуымен және бакалавриат студенттерінің 5 маңызды құзыреттерін дамыту шеңберінде проф. Ұ.А.Жанпейіспен әзірленген.
Сын ойының даму технологиясы «О методической стратегии преподавания русского языка в медицинском вузе» мақаласы ( «Көптілдік білім беру: инновациялық технологиялар және жетілдіру жолдары» ХҒТК материалдарында) жарық көрді. Енгізу акті бар. Аталмыш технология кәсіби- бағыттау коммуникативтік құзыреттерді қалыптастыру мақсатында, орыс тілі пәнінің тәжірибелік сабақтарында қолданылады, студенттердің оқу мен кәсіби саласында тілдесуде когнитивті- тілдік және операциялық- сөйлесу құзыреттерінің деңгейін айтарлықтай арттырады.
Кластерлік әдіс тілдік емес ЖОО- да орыс тілін оқытып- үйретуде ерекшелігін есепке алуымен әзірленген. Кластерлік әдісті қолданудың әдістемелік негіздемесі «О кластерном методе изучения медицинской терминологии на занятиях по русскому языку» ( «Модель медицинского образования КазНМУ: предварительные итоги, проблемы и перспективы») ХҒТК материалдарында жарық көрген. Кластер әдісі бір мезгілде медициналық терминдермен маңызды қисынды , синтагматикалық, парадигматикалық пен деривациялық байланыстарымен өзгешеленеді, өйткені сол әдіс сөйлеу барысында ойлау қызметін ынталандырады, себебі олардың мазмұны үйренушілердің болашақ кәсіби мамандығын есепке алуымен құрылады, сонымен студенттердің мотивациялық негізінде коммуникативтік құзыреттерін қалыптастыру үрдісін іске асыруға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік сабақтарында кеңінен кәсіби- бағыттау коммуникативті тренингі қолданылады, ол тәсіл п.ғ.д. проф. Ұ.А.Жанпейіспен «Об организации различных видов профессионально-ореинтированного коммуникативного тренинга на практических занятиях по русскому языку» ( «Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында») РҒТК материалдарында әдістемелік негізделген.
Инновациялық әдістерді қолдану орыс тіліне оқытып- үйретуде тиімділікті арттырады, құзыреттердің негізгі түрлерін қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізеді.
Орыс тілі кафедрасы ОМБС сәйкес барлық оқу-әдістемелік материалдарымен: 1 курстың барлық факультеттерінің келесі мамандықтары : жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, фармация, фармацевтикалық өндірісінің технологиясы, мейірбике ісі, менеджмент бойынша оқу бағдарламаларымен, силлабустарымен қамтамасыз етілген.
Тәжірибелік сабақтар мен ОСӨЖ модуль жүйесі бойынша жүргізіледі:
1 модуль — «Орыс тілінің кіріспе курсы»,
2 модуль – «Сөйлесудің функционалдық стилі»,
3 модуль – «Ғылыми мәтін. Ғылыми мәтіннің компрессиясы».
4 модуль – «Кәсіби саласында сөйлеу әрекетінің мәдениеті».
Студенттің оқу жетістіктеріндегі бағалары 5 маңызды құзыреттері бойынша (100-баллдық межелік) оқу журналында тіркеледі. Оқу журналы «білімі», «тәжірибелік дағдылары», «коммуникативтік дағдылары», «құқықтық құзырет», «студенттің өзіндік жұмысы» бөлімдеріне құрымдалған.
Құқықтық құзырет бойынша алғашқы сабақтарының 4 лексикалық тақырыптарында: «Тіл және оның негізгі функциялары», «Қазақстан Республикасы», «Қазақстанда медициналық білім беру», «Медицинадағы заң мен құқық» бағаланады. Өз білімін дамыту құзыреті бір семестрде СӨЖ түрлерін орындағаны арқылы бағаланады.
Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспарында тақырыптары берілген, тапсырмалардың мазмұны, СӨЖ өткізу түрлері және әр тақырып бойынша сағат саны айқындалған. СӨЖ бағалау мөлшерлемелері силлабуста ұсынылған.
Кафедрадағы ЖОБ ұсынылған тақырыптары бойынша СӨЖ жеке түрлерінің тұсаукесер электронды нұсқаларының қоры бар. Студенттерге СӨЖ орындауының түрлерін таңдау немесе тілдік, сөйлеу мен коммуникативтік құзыреттерінің қалыптасуын есепке алуымен олар үшін бейімделген деңгейінде жұмысын орындау мүмкіндігі беріледі. Олар келесі жұмыс түрлері: баяндама, конспект, реферат, эссе, тұсаукесер өткізу, ғылыми мәтіннің ( таңдаған мамандығы бойынша мәтіннің) лингвистикалық талдауы , медицина тіл терминологиясының лингвистикалық талдауы, терминологиялық сөздікті жасау, аңдатпа, пікір, сын-пікір, түйіндеме-қорытынды және т.б.
Сондай-ақ СӨЖ түрлі нысандарын белгілеу кезінде деңгейлік жолдары жүзеге асырылады. Сонымен репродуктивті деңгейде ғылыми ақпараттың қайта өңделуіне, компрестелуіне, ақпараттың өңделіп, ұсынылуына, жоспар құрылуына, тезистер әзірлеуіне, конспектілеуіне және т.б. бағытталған тапсырмалар ұсынылады.
Шығармашылық деңгейінде СӨЖ бойынша келесі сипатындағы тапсырмалар орындалады: «Қазақстанның шипажайлары», «Менің болашақ мамандығым», «Деонтология»,»Дәрігерлік этика» тақырыптарына эссе жазу; «Медик ғалыммен ғылыми жаңалық ашу», «Медицинаның нышандары мен эмблемалары» тақырыптарына тұсаукесер әзірлеу.
Тәрбие жұмысы
Орыс тілі кафедрасында жылдан жылға ҚР білім беру туралы заңының, ҚР жастар саясаты туралы заңының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарының, ҚР білім беруінің, Оқитын жастарды оқуынан үзбей тәрбиелеу тұжырымдамасына сәйкес студенттердің құндылықтарын бағыттау, адамгершілік, эстетикалық мәдениетінің, азаматтық әрекетініңің таптаурының, әлеуметтік жауапкершілігінің, отаншылдығының, мемлекеттік идеологиясының, гуманизм, ізгілік пен әділдік қағидаларының негізінде аталмыш қасиеттерін дамыту бойынша дәйекті тәрбие жұмысы атқарылуда.
Кафедра оқытушылары ҚазҰМУ жыл сайынғы тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес университетте өткізілетін іс шаралар кезінде студенттерді белсенді түрде тартады.
Тәрбие жұмысы факультативтік сабақтар, тақырыптық кештер, кездесулер, дөңгелек үстелдер мен сұхбаттарды ұйымдастыру арқылы дәрістер, тәжірибелік сабақтар шеңберінде атқарылған.
Кафедрадағы тәрбие мен идеологиялық жұмысының мақсаты әлеуметтік құзыреттілігі, жоғары кәсіби, шығармашылық адамгершілік тұрғысынан жетілген тұлғаны қалыптастыру болып табылады. міндеттерді шешімін табу болып табылады:
- азаматтық қузыреттілікті, отаншылдықты, ұлттық сана сезімін, жалпы адамзаттық құндылықтарына, төзімділігін, ізгілігін құрметтеуін тәрбиелеу;
- студенттердің оқу еңбегіне танымдылық құзыреттілігін, оқытудың жеке және кәсіби дамытудың стратегияларын қою біліктілігін қалыптастыру;
- кәсіби нәтижелі тұлғасын қалыптастырудың маңызды аспектілері ретінде бастамашылық құзыреттілігін және басқару мәдениетін дамыту;
- әлеуметтік пен тұлғалар арасында қарым-қатынастар, психологиялық мәдениетінің, және коммуникативтік құзыреттілігінің саласында білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;
- студенттердің шығармашылық қабілеттерін, өзін- өзі билеу, өзін- өзі көрсете алу, өзін- өзі тану, тұлға ретінде өзін- өзі дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- психикалық пен табиғи денсаулығын сақтауға дайындығын, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- студенттердің тұрмыстық пен мәдени бос уақыты қызметінің, адамгершілік пен әдептілік пен эстетикалық мәдениетінің саласында құзыреттерін қалыптастыру бойынша қызметін ұйымдастыру.
Төменгі курсатрдың студенттері арасында тәрбие жұмысының I кезеңі – тәрбие үрдісін кезең кезеңімен ұйымдастыру тұжырымдамасына сәйкес, негізгі бастамашылары ретінде студенттердің бос уақытын жетілдіру ж филармонияларғаәне студенттердің мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бірінші курст студенттері мұражайларға, театрларға және өзге де қоғамдық мәдеени іс шараларына үнемі барып тұрады.
Кафедра оқытушыларымен тәжірибелік сабақтар шеңберінде және сабақтан тыс уақытта эстетикалық тәрбие бойынша сұхбаттар өткізіліп тұрады, қызықты кітаптар, кино,театр қойылымдары, ғылым, мәдениет, өнердің атақты қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы шолу сұхбаттары талқыланады, тарихи-мәдени құндылықтар болып табылатын түрлі жерлер бойынша бірлесіп, барып экскурсиялар ұйымдастырылады.
Азаматтық-патриоттық тәрбие студенттердің азаматтық жауапкершілігін және жетілгендігін, қазақ халқының дәстүрлерін зерделеуге және таратуға, мемлекеттік, жалпы ұлттық мерекелерді, атақты күндер мен даталарды жария етуге, қолданыстағы дәстүрлерді таратуға және де университет пен кафедраның дамуының перспективті жаңа бағыттарын қолдау арқылы елде, қоғамда болып жатқан оқиғаларға объективті түрде баға бере алуын қалыптастыру.
Кафедра оқытушылары № 1 жатақханаға үнемі барып тұрады, онда олар студенттердің өмір сүруінің тұрмыстық жағдайларын сұрастырып тұрады, студенттер ортасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық шағын ортаны құруға бағытталңған сұхбаттар өткізіледі, жастардың бос уақытына ерекше назар аударылады.
Кафедрадағы оқытылатын пәндердің қалай да аудиториядан тыс, сондай-ақ аудиториялық сағаттардың басымды көлемі студент жастарының өз денсаулықтарына күтіммен қарау, зиянды әдеттерінің профилактикасы мен алдын алу тұрғысынан уәждемеуді күшейту және қалыптастыру арқылы салауатты өмір салты мәдениетін тәрбиелеуін көздейді. Салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша дөңгелек үстелдер, пікір-талас, пікір-сайыс тәрізді іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады. Сонымен қатар жүелі түрде кураторларының билік, құқық қорғау органдарының өкілдерімен сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ медициналық этика мен деонтология, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау жүйесінде профилактикалық жұмыстың маңыздылығы,тұрмыста және ұжымда тәртібі, оқу уақытын, студенттердің бос уақытын жоспарлау, өз білімін жетілдіру және адамгершілікке үйретуді ұйымдастыру туралы сұхбаттар өткізіліп тұрады.
КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ
Орыс тілі кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «Медициналық ЖОО орыс тіліне болашақ мамандығына бағыттап оқытып-үйрету» жалпы кафедралық тақырыбына сәйкес келесі бағыттарда іске асырылады:
қазақ аудиториясында «Орыс тілі» ЖОО жүргізілетін пәннің инновациялық технологиялары;
бакалавриат студенттерін орыс тіліне кәсіби бағыттап оқытып-үйрету барысында жұмыстың тиімді нысандары мен тәсілдері;
жоғары оқу орындары жүйесінің жаңғырту жағдайында орыс тіліне үйретуде интерактивті режимі;
уәждемелік негізінде медик студенттерінің коммуникативтік құзыретінің қалыптасуы;
медицина саласындағы болашақ мамандардың тілі дамыған тұлға ретінде қалыптастыру және оқу-танымдылық қызметін белсендіру.
Жыл сайын орыс тілі кафедрасының базасында Қазақстан Республикасының визитинг-профессорларының және атақты ғалымдарының қатысуымен үш тұғырлы тілге үйретудің көкейкесті мәселелеріне арналған «Университнет Күндері» шеңберінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, интерактивті семинарлар мен шеберлік-класстар, ал сондай-ақ халықаралық қатысуымен республикалық студенттік-ғылыми конференциялар өткізіледі.
Орыс тілі кафедрасының ПОҚ ҚР өткізілетін, сондай-ақ алыс шет елдерде (АҚШ, Германия, Испания, Чехия, Грекия) және де таяудағы шет елдерде (Ресей, Қырғызстан және т.б.) ұйымдастырылатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында қатысады. Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік мақалалары ҚР БҒСБК ұсынылған журналдарында жарық көреді.
Орыс тілі кафедрасының меңг. п.ғ.д. проф. Ұ.А.Жанпейіс «Русская словесность в школе « республикалық оқу-әдістемелік журналының редакциялық алқасының мүшесі болып табылады.
«LAP Lambert Academic Publishing» (Германия, 2012-04-24) кітапханасы ғаламторының желісінде, ал сондай-ақ Берлинде проф. Ұ.А.Жанпейістің «Лексика русского языка в лингводидактическом аспекте» монографиясы басылып шыққан. Электрон адресі: https:// www. lap-publishing.соm/.кітап шифры : ISBN-13: 978-3-8465-2851-8; ISBN-10: 384652851X; EAN: 978384 6528518.
П.ғ.к., доценттің м.а. Н.А. Өзекбаева «Государственный язык: тенденции и перспективы развития» (Мемлекеттік тіл: дамытудың үрдістері мен перспективалары») Жобасының: «Фундаментальные и прикладные исследования в области экономических, социальных и гуманитарных наук»(экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер» бөлімінің «Интеллектуальный потенциал страны»(Елдің зияткерлік әлеуеті») бастамашысы бойынша ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыруы бойынша ғылыми жобасында қатысады.
Ғылыми мамандарды даярлау және оларды ынталандыру шеңберінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша зерттеу қызметіне тарту мақсатында, оқыт.Г.Арқабаева Мәскеу қ. (Ресей) ңылыми тағылымдамадан өтіп келді.
ҚР БҒМ тапсырыс бойынша авторлар ұжымымен ( п.ғ.д. Ұ.А..Жанпейіспен, п.ғ.к. Н.А. Өзекбаевамен, п.ғ.к. Р.Ж.Дәркембаевамен ) проф. Ұ.А.Жанпейістің басқаруымен 12-жылдық оқытуға көшу бойынша экспериментінде қатысатын мемлекеттік тілде оқытудың жалпы білім беру мектептерінің 5, 6, 7, 10 сыныптары үшін орыс тілі бойынша ( «Мектеп»баспасында), ал сондай-ақ Атамура» мен «Мектеп» баспаларында ( 11-жылдық оқытудың) қазақ тілінде оқытудың қазақ мектептері үшін бағдарламалары мен ОӘК әзірленген және жарық көрген.
Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д. проф. Ұ.А.Жанпейіс және кафедраның авторлар ұжымы біздің республикамызд 50 эксперименталды мектептерінде сынамадан өтетін 12-жылдық оқыту бойынша ҚР БҒМ ұйымдастырылған республикалық семинарында жыл сайын қатысып тұрады. Аталмыш авторлар ұжымы 20 астам авторлық куәлігіне ие.
Орыс тілі кафедрасының (дайындық бөлімшесі )
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғаныстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы (2009 жылғы 13 қарашасынан ҚР Үкіметінің № 1829 қаулысымен мақұлданған) білім беру саласында ынтымақтастығы туралы Келісіміне сәйкес республиканың ЖОО 1000- ға жұық ауғандық студенттерін оқыту бойынша өтеусіз ниетінің негізінде келісім берген. « Ауған жастарына сапалы білім беру мүмкіндігін беріп, біз елді оңалту үрдісіне ғана емес маңызды үлес қосамыз, сондай-ақ экстремизм мен лаңкестірлік идеологиясын таратуда қысқартуына да ықпалын тигізбекпіз» деген Елбасы пікірін білдірген.
2010 жылдан бастап ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының оқытушылары Ауғаныстан студенттерімен оқыту тұрғысынан жұмыс атқарып келе жатыр. На кафедре на этапе предвузовской подготовки по специальностям медицинских факультетов и медицинского колледжа 2010-2011 оқу жылы медициналық факультеттері мен медициналық колледждері үшін мамандықтары үшін ЖОО дейінгі дайындық кезеңінде кафедрада 78 студент, 2011-2012 оқу жылы – 83 студент оқыды.
ЖОО дейінгі кезеңінде оқыту дайындығында оқу жылы ішінде, яғни 10 ай бойы іске асырылады. Оқыту нысаны тек күндізгі түрі. Дайындық бөлімшесін студенттер аяқтағансн соң бірінші сертификаталған деңгейіне сәйкес орыс тілі бойынша Бағдарламасы мен осы кезеңде оқытудың Мемлекеттік стандарттарына – нормативтік құжаттарына сәйкес емтихандарын тапсырады, – сонымен олар С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Республикалық медициналық колледжінде бірінші курсында оқуын бастайды.
Қазіргі таңда орыс тілі кафедрасында шетелдік студенттерімен 10 оқытушы, соның ішінде – 5 аға оқытушы жұмыс істейді.
Орыс тілі кафедрасы ҚазҰМУ дайындық факультетінде қалыптасқан шетелдік студенттеріне оқытудың үздік дәстүрлерін жалғастыруда. Қафедрада орыс тілін шетелдік үйренушілеріне үйретудің жалпы және болашақ мамандығына бағыттап үйрету үрдісінде жүзеге асырылатын лингводидактикалық қағидалар әзірленеді. Кафедраның ерекшелігі оның ғылыми-әдістемелік қызметіндегі түрлі бағыттарында белгіленеді.
2000 жылдан бастап кафедра оқытушыларымен орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың көкейкесті мәселелеріне арналған 100 астам ғылыми мақала жарық көрді. Соңғы жылдары кафедра оқытушыларының маңызды жетістіктері ретінде шетел студенттерін оқыудың ЖОО дейінгі үйрету кезеңі үшін оқу құралдарын құру болып табылады: «Знакомьтесь: Казахстан!» (авторлары Лазариди Е.И., Искакова Н.А., Каимова Д.Б., Лутковская Т.В. және т.б.., Алматы, 2000). Осы оқу құралына аталмыш «Русско-английский словарь» (дайындық факультетінің шетелдік студенттері үшін , Алматы, 2003), «Факультативные занятия по русскому языку для студентов-иностранцев» (Лазариди Е.И., Каимова Д.Б., Искакова Н.А. және т.б. Алматы, 2005), «Учимся говорить по-русски» (пособие по фонетике и развитию речи) ( авторы Подкотилова Л.С., Розенберг В.Г., Лутковская Т.В. Алматы, 2005), » Изучаем русские глаголы » (шетелдік студенттер үшін оқу құралы) (автор Лазариди Е.И. Алматы, 2009), мәтіндерді оқу бойынша оқу құралы «Сборник текстов по чтению для студентов-иностранцев подготовительного отделения часть 1-2″ (авторлары Лазариди Е.И., Каимова Д.Б., Искакова Н.А., және т.б..), (Алматы, 2001), «Грамматика в таблицах» (авторлары Подкотилова Л.С., Лутковская Т.В. и др. Алматы, 2003), «Учимся говорить по-русски» (Подкотилова Л.С., Розенберг В.Г., Лутковская Т.В. Алматы, 2002), оқу-мәдістемелік оқу құралы «Наши современники» (авторлары Искакова Н.А., Лазариди Е.И., Лутковская Т.В., Турсынбаева Р.А., Алматы, 2003), оқу құралы «Экскурсии по Алматы» (авторлары Подкотилова Л.С., Сексеналинова, Розенберг В.Г., Лутковская Т.В., Искакова Н.А., Алматы, 2000), «Тестовые задания по русскому языку для студентов-иностранцев 1-3 курстары үшін», «Тестовые задания по русскому языку для студентов-иностранцев 5 курс үшін» (авторлары Искакова Н.А., Татаренко Т.Д., Токпанова А.А., Алматы, 2008), «Учебное пособие по русскому языку для студентов неязыковых вузов» (авторлары Искакова Н.А., Татаренко Т.Д., Токпанова А.А., Алматы, 2008), «Сборник изложений для студентов-иностранцев подготовительного факультета», «Сборник контрольных работ по русскому языку для студентов-иностранцев подготовительного факультета», «Сборник текстов по чтению для студентов-иностранцев подготовительного факультета. Часть 3» (авторлары Лазариди Е.И., Каимова Д.Б., Искакова Н.А., және т.б.., Алматы, 2004).
Осы оқу жылы дайындық бөлімшесінің оқытушыларымен кафедраның баспа қызметі бойынша «Знакомьтесь: Казахстан!» лингвоелтанымдылық оқу құралын қайта баспа арқылы шығару жоспарланған.
Кафедраның тәжірибелік жұмысында өте маңыздысы оқытудың замануи техникалық оқу құралдарын енгізу болып табылады. Орыс тілі шет тілі ретінде сабақтарында компьютерлер, ал сондай-ақ аудиотаспаларында және компакт-дискілерінде сабақтың аудиожазба материалдары қолданылады, тапсырмаларды Ғаламтор форматында, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмыстарында қолдану ұсынылады. http://www.linguarus.com. сайтында студенттер «Вводный фонетико-грамматический курс русского языка для говорящих по-английски» материалымен таныса алады..
Оқытушылар кафедраның БЖФ жоспарына сәйкес кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курстарына барып, үнемі оқып келеді. 2011 жылы аға оқыт. Д.Б. Каимова Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ қарамағындағы педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау Институтында «Международный стандарт обучения иностранным языкам как основа программы «Триединство языков в РК » курсы шеңберінде шет тілдерді оқыту әдістемесі бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру курсында оқып келді. Кафедра оқытушылары орыс тілін оқыту және оны үренушілерге шет тілі ретінде үйрету мәселелері бойынша халықаралық пен республикалық ғылыми конференцияларына белсенді түрде қатысып тұрады.
Кафедра жұмысының ерекшелігі студенттермен белсенді түрде оқу-тәрбие жұмысымен айналысуында. «Знакомьтесь: Казахстан!», «Наурыз», «Мы говорим и поем по-русски», «Встречаем Новый год!» тақырыптары бойынша студенттер белсенді қатысатын сайыс-концерттер, түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Кафедра оқытушылары үлкен кураторлық жұмыс атқарады, соның ішінде Алматы қ. бойынша экскурсиялар, А.Кәстеев ат. Көркем бейнелеу мұражайына, РҚ Ұлттық мұражайына, музыкалық аспаптар мұражайына, циркке, Медеуге, Алма-Арасан шатқалына, Ыссық. Түрген көлдеріне және т.б. дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.