«Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасының ұйымдастырылуымен, 6В10106-«Фармация» мамандығының «Фармацияның ұйымдастырылуы және экономикасы» бағыты бойынша қорытынды аттестациялауы өткізілді.
Қорытынды аттестация кезеңдері:
1-ші кезең. Ұлттық тестілеу орталығы бақылауымен компьютерлік тестілеу бойынша жүргізілді.
2-ші кезең. Тәжірибелік дағдылар бойынша жүргізілді.
«Дәрілік заттарды қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыру» станциясына сырттан тәжірибелік мамандар шақыртылды:
- Естебаева Дина Жумагазиновна- ЖШС «КАЗБИОТЕК» компаниясының медициналық өкілі.
- Тулегенова Айгерим Рыскелдиевна- ЖШС «Зара фарм» дәріханасының директоры.
- Дощанова Гульнар Умирбековна- ЖШС «Медсервис Плюс» ҚФК тіркеу бойынша менеджері.
- Сыдыков Серикжан Бердахович-ЖШҚ «Джонсон & Джонсон» филиалының медициналық кеңесшісі.
- Егинбаева Айжан Амирхановна- АҚ «Жарбосынов Б.У. атындағы Урология ғылыми орталығы» дәріхана меңгерушісі.
Қорытынды аттестация нәтижесі – 6В10106-«Фармация» мамандығы бойынша 27 студентке диплом берілу ұсынылды.