7 қыркүйек 2018 жылы фармация мектебінің студенттерімен «Қазақстан Республикасының спорттық даңқ мұражайына» — саяхат жасалды.
«Денсаулық -2020» мемлекеттік бағдарлама аясында жастарды спортқа баулу, кешегі ұлы спортсмендерге қарап бой түзеу, рухани жаңғыру бағдарламаға сәйкес тарихқа үңілу арқылы жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Қазақстан Республикасының спорттық даңқ мұражайына» — саяхат жасалынды.
Мұражайға саяхат барысында студенттер Қазақстанның этноспорты мен кеңес периодында, тәуелсіз Қазақстандағы спортсмендердің жеткен спорт әлеміндегі, халықаралық деңгейдегі жетістіктері, алқалары, суреттерімен таныс болды.
Бағалы экспонаттарының ішінде Қазақстанның ұлы спортсмендерінің жеке заттары мен марапаттаулары кіреді: соның ішінде Серік Қонақбаевтың күресу қолқапы, Жақсылық Үшкемпіров жеке заттары және т.с.с. Ең қызығушылық танытқан «Ұлы көшпенділер» ойындары. Сонымен қатар, Исабаев Исатайдың «Бәйге», «Қыз қуу», «Кокпар», «Аудырыспак» азарт ойындарының графикалық жұмыстары. Мұражайдан студенттер спорттық олимпиада тарихымен, спортсмендердің жетістіктерімен таныс болып қайтты.
Ұйымдастырушы: Жастар саясаты басқармасы, Этикалық Комитет
Модератор: химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.