2026 жылғы 21 қыркүйекте, Желтоқсан көшесі, 37А мекенжайында Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 4-курс, ФӨТ 23-016 қазақ тобында кураторлық сабақ өткізілді.
Кураторлық сабақтың тақырыбы – «Кітап оқитын ұлт. Бір ел – бір кітап – жарқын болашақ».
Іс-шараны Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының лекторы, топ кураторы Макашева Назгуль Оналбековна ұйымдастырып, өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру және кітап оқудың жеке тұлғаның дамуы мен білімін жетілдірудегі маңызын түсіндіру.
Кураторлық сабақ барысында кітап оқудың адам өміріндегі маңызы, оның білімді, ой-өрісті және шығармашылық қабілетті дамытудағы рөлі туралы пікір алмасу жүргізілді. Студенттер өздері оқыған кітаптары туралы ой бөлісіп, сүйікті шығармалары мен авторлары жөнінде пікірлерін білдірді.
Сабақ соңында білім алушылар кітап оқудың тұлғалық және кәсіби дамуға ықпалы туралы өз ойларын ортаға салып, «Кітап оқитын ұлт – білімді ұлт, білімді ұлт – жарқын болашақтың кепілі» деген тұжырымға келді.



