Жандабаева М. А. және Алимова У.С. 11.11.2023-22.11.2023 оқу процесі аралығында И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Фармацевтика факультеті, профессор Э.С. Матыев атындағы фармацияны басқару және экономикасы, дәрілік заттар технологиясы кафедрасында 560005 «Фармация» мамандығының студенттерімен ординаторларына Дәрілік заттар технологиясы пәні бойынша академиялық ұтқырлықтан өтті. Академиялық ұтқырлық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру аясында академиялық мобильділік бағдарламасы негізінде өтілді. Академиялық ұтқырлық аясында бакалавриат және ординатура деңгейі бойынша «Дәрілік заттар технологиясы» пәні бойынша Фармация БББ оқитын 3,4,5 группаларына практикалық сабақ және лекция жүргізілді. Студенттердің сабақ үлгерімдері мен қатысулары жақсы болды.
Академиялық ұтқырлық аясында 3 курс студенттеріне арналған «Жұмсақ дәрілік қалыптар», «Сұйық дәрілік қалып» бөлімі бойынша 100 тест сұрақтары дайындалды.
Өткізілген практикалық жұмыс және теориялық талдаулар жасалды. И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының оқу жөніндегі және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректорларымен кездесу ұйымдастырылып, оқу үрдісі бойынша жалпы мәселелер талқыланды.
Академиялық ұтқырлық нәтижесінде 60 сағат көлемінде И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының ректоры бекіткен Сертификат алынды.