КАФЕДРАІШІЛІК САПА БАҚЫЛАУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

2026 жылғы 01–03 маусым аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Академиялық сапаны кафедраішілік бақылаудың нормативтік-ұйымдастырушылық моделі: құжаттар, талаптар және жұмыс тәртібі» тақырыбында көлемі 12 академиялық сағатты құрайтын оқыту семинары өткізілді.

Іс-шара кафедраішілік бақылаудың тиімділігін арттыру, білім беру үдерісінің сапасын мониторингтеу тетіктерін жетілдіру және есептік құжаттаманы дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушылар өзекті нормативтік талаптармен, кафедраішілік бақылауды ұйымдастыру қағидаларымен, сондай-ақ кафедралардағы академиялық сапаны қамтамасыз етудің практикалық аспектілерімен танысты.

Оқытуға Фармация мектебінің Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының (СҚК) барлық мүшелері және кафедралардағы кафедраішілік бақылауға жауапты қызметкерлер қатысты:

  • Раганина Карлыгаш Тлеубергеновна – фармацевтикалық технология кафедрасы;
    • Сыздықова Баян Омаровна – инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы;
    • Атаканова Альбина Армановна – биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы;
    • Қожамжарова Әсел Сейдахметқызы – фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы;
    • Саякова Ғалия Мырзағалиқызы – ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасы;
    • Рахи Жанэль Дюклокызы – фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы;
    • Көркембай Жәнібек – химия кафедрасы.

Оқыту тәжірибеге бағытталған сипатта өтті. Үш күн бойы қатысушылар кафедраішілік бақылауды ұйымдастыруға қатысты нормативтік құжаттар мен талаптарды зерделеп қана қоймай, семинар тақырыптары бойынша күн сайын практикалық тапсырмалар орындады. Бұл алынған білімді бекітуге және Фармация мектебі кафедраларында академиялық сапаны қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Семинар барысында алынған білім мен практикалық дағдылар білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге, білім беру үдерісінің мониторингін тиімді жүргізуге және Фармация мектебінде сапа мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.