2026 жылғы 21 қазанда С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған дәріс өткізілді.
Дәріс «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік практикасы аясында ұйымдастырылды. Дәрісті фармацевтикалық технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Раганина К.Т. жүргізді.
Дәріс барысында фармацевтика өнеркәсібінің қазіргі жағдайы, дәрілік препараттарды өндірудің негізгі бағыттары, саланың даму ерекшеліктері мен болашағы қарастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тереңдету, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Өткізілген дәріс студенттерге өндірістік практика барысында алған білімдерін бекітуге және фармацевтика өнеркәсібіндегі заманауи талаптармен танысуға мүмкіндік берді.





