С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 23 ақпан 2024 жылы «Фармация» симмуляциялық орталығында ФӨТ білім бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге мастер-класс өткізілді. Мастер-классты фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті, «Фармация» симмуляциялық орталығының жаттықтырушысы Рысбек Ә.Ғ. «МС 100 машинасын қолдана отырып, қатты желатинді капсулаларды инкапсуляциялау технологиясы» тақырыбына жүргізді. Ассистент Рысбек Ә.Ғ. «МС 100 машинасы» жайлы түсіндіріп, қатты дәрілік қалыптар жайлы шолу жүргізіп, қатты желатинді капсулаларды инкапсуляциялау технологиясын түсіндірді. Сонымен қатар «МС 100 машинасымен» жұмыс жасау тәртібін көрсетті. Мастер-класс жоғары деңгейде өтті, студенттерге қызықты болды. Студенттермен кері-байланыс жүргізу мақсатында Рысбек Ә.Ғ. оларға сұрақтар қойды, студенттер сұрақтарға жауап берді.