Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының ассистенті Егізбаева Шынар Амангельдиевнаның 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне өткізілген тәлімгерлік сағаты

Сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлықтың үдеп бара жатқаны болашақта ұрпақ тәрбиесіне орасан зиян келтіретіні анық. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Осы мақсатта кафедрамыздың ассистенті Егізбаева Шынар Амангельдиевна ФӨТ-20-014к тобымен 24.11.2022 жылы күні «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» атты тәлімгерлік сағат өткізді.