Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастарға Тәуелсіздікке қандай жолмен жеткенімізді түсіндіру. Қазақ жастарының ерлігін баян ету. Өз ұлтын сүюге, мақтан тұтуға, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Желтоқсан айының 5 күні қазақ тілі кафедрасының оқытушылары К.К.Дәркенбаева, Р.Н.Дәрменқұлова, Қ.С.Бурахановалардың ұйымдастыруымен және ЖМ факультетінің 043-1,2 топ студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатын, ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сабақта топ студенттері Тәуелсіздікке жету жолдарына тоқталып, қысқаша баяндамалар, эсселер оқыды. Сабақта өлеңдер оқылып, күй тартылды. Сонымен қатар ҚР дамуынан мәліметтер беретін сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Сабаққа кафедра меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина мен кафедра оқытушылары А.Абдықадырова, Ф.Қожахметова т.б. қатысты.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: слайд, қабырға газеттері, бейнефильм.
Сабақтың өтілген орны: №6 оқу бөлмесі
Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Қ.С. Бураханова