ТОО «KELUN-KAZPHARM» (КЕЛУН-КАЗФАРМ) ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАВОДЫНА ЭКСКУРСИЯ

2017 жылдың 27 қараша айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің, Фармация мектебінің фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің 1 курс 001-1,2қ топ студенттері мен топ кураторы оқытушы Н.С.Омаркуловамен ЖШС «КЕЛУН-ФАРМ» фармацевтикалық өндірісіне экскурсия жасап қайтты. Студенттер өндірісті толық аралап шығып, инъекциялық дәрі өндіру технология процестерімен танысты. Экскурсия барысында студенттер таңдаған «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша толықтай мәлімет алды. Келешекте оқу барысында осы өндірісте студенттер үшін өндірістік және диплом алды практика ұйымдастырылады.