03.12.2013ж. № 20 аудиторияда Химия кафедрасының ұжымы фармация, стоматология және жалпы медицина факультеттерінің 1-ші курс студенттерімен бірге Қазақстанның Тәуелсіздігінің 22 жылдығына және Университеттің 83 жылдығына арналған мерекелік шараны өткізді.
Мақсаты: Университет табалдырығын жаңа аттаған 1курс студенттеріне патриоттық тәрбие бере отырып, ұйымдаса білу қабілеттіліктерін арттыра білу.,Мерекелік кешке желтоқсан оқиғасына қатысқан стоматология факультетінің доценті Серік Жолдасбеков қатысып, студенттерге арнап сөз сөйледі.