«ФАРМАЦЕВТ-АНАЛИТИК» МОДУЛІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Фармацевтикалық химия кафедрасы 1953 жылы ұйымдастырылған, конкурстық қорытындылардың шешімі бойынша кафедра ұжымы доцент Соломон Ефимович Бабич кафедраның бірінші меңгерушісі болып тағайындалған. М.А. Бакенова, З.М. Золотавина, Е.Т. Тегізбаев, А.С. Бейсенбеков, Р.А. Жұбаева сынды оқытушылар арқасында кафедраны ұйымдастыру және оның материалды-техникалық базасын құруда үлкен жұмыстар жүргізілді. Профессор Э.М. Бисенбаев, аға оқытушы Н.В. Борисова, ассистенттер Т.П. Какорина, Р.М. Кенбаева кафедра жұмысына зор үлестерін қосты.
1969 жылдан 1979 жылға дейін фармацевтикалық химия кафедрасының меңгерушісі болып ҚазССР денсаулықсақтау және жоғары мектебінің ұйымдастырушысы, еңбек ардагері, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Т.Тегізбаев жұмыс істеді. 1979 жылы Е.Т.Тегізбаев ҚазССР үкіметінің шешімімен АММИ-ның Шымкент қаласындағы филиалының бірінші директоры болып тағайындалды.
1979 жылдан 2008 жылға дейін фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбеков Алимхан Сабекұлы фармацевтикалық химия кафедрасының меңгерушісі қызметін басқарады.
Қазіргі уақытта модулді аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия факультетінің түлегі, химия ғылымдарының докторы, профессор Омарова Роза Амиржанқызы жетекшілік етеді.
2009-2011 жылдарының аралығында Р.А.Омарованың ғылыми жетекшілігімен ҚР БҒМ жариялаған іргелі ғылыми зерттеу жұмысы бойынша
- «Беталактам гетероциклді қатардағы антибиотикалық әсері бар жаңа қосылыс алудың теориялық негіздері» атты тақырыпта (мем. тіркелген. нөмірі. 0109РК00600), жаңа дәрілік заттарды өңдеуге арналған іргелі ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді
- «Комплексттертүзілу процесстерді квант-химиялық процесстерді зертттеу және осы процесстердің жартылай эмпирикалық модельдерін шығару» атты тақырыпта (мем. тіркелген. нөмірі. 0109РК00599) іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді
2011 жылы кафедра «Фармацевт-аналитик» дайындау модулі болып қайта құрылды.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
Біздің университетімізде білім беру жүйесін сапалы қамтамасыздандыру саясаты төмендегідей жүргізіледі:
– халықаралық стандарттар талаптарының деңгейінде қамтамасыздандыру;
– ISO 9001:2000 білім беруде, ғылымда, заманауи ақпаратты, медициналық және фармацевтикалық технология интеграциясы базасында сапа менеджмент жүйесін енгізу;
– қол жеткізген және қолданбалы ғылми зерттеу жұмыстарына қатысу;
– жаңа технологияларды пайдалана отырып университеттің инфрақұрылымының дамуы.
Біздің модуль мұндай жүйелердің дамуындағы білім сапасын басқаруда білім беру интеграциясына студенттерді болашақта практикада іске асып жасалынатын, мәселелі ғылыми тақырыптарға жұмылдыру мақсатында жұмыстар жасалынады. Білім беру сапасының жоғарылауы, қызметкерлердің білім деңгейін үнемі жоғарылатумен тікелей байланысты. Біздің алға қойған мақсаттарымыз да осыған тікелей байланысты.
Модулдің барлық оқу-әдістемелік жұмыстары оқу жүйелерін қамтамасыздандырулары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілумен қатар практикалық фармацияға арналған мамандардың сұраныстарын қанағаттанарлықтай етеді. Жоғары мектептердің заманауи талаптарына сай модулде «Бакалавриат», «Магистратура», «PhD-докторантура» дайындаудағы оқытушылардың деңгейлері үнемі базалық және элективтік пәндерді дайындаумен оқытулардың әдістемелік және дидактикалық тәсілдеріне сай жүргізіледі. Модулдегі негізгі жүргізілетін базалық пәндер «Фармация» мамандығы бойынша (бакалавриат): бейорганикалық химия (1 курс), аналитикалық химия (2 курс), органикалық химия (2 курс), физикалық және коллоидтық химия (2 курс), дәрілік заттарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері (3 курс), фармацевтикалық химия (4 курс). «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (бакалавриат) мамандығы бойынша жүргізілетін негізгі базалық пән: бейорганикалық химияның теоретикалық негіздері (1 курс). 3 курс студенттеріне арналған «Дәрілік заттарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері» негізгі базалық пән бойынша, 4 курс студенттеріне арналған «Фармацевтикалық химия», 3 курс студенттеріне арналған элективті пән «Фармациядағы физико-химиялық әдістер», 5 курс студенттеріне арналған «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» элективті пәні бойынша, 2 курс студенттеріне арналған «Фармацевтикалық терминология», 4 курс студенттеріне арналған «Дәрілік заттарды алу және зерттеу» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) құрастырылып жасалды. Модулдің элективті пәндері «Фармация» мамандығы бойынша (магистратура): валидация және GMP заңдылықтарын енгізу (1 курс), дәрілік заттардың молекулаларын моделдеу (1 курс), дәрілік заттарды стандарттау (1 курс) арналған оқу-әдістемелік кешендері жасалынды. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (магистратура) мамандығына арналып «Өсімдік шикізаттарынан алкалоидтарды бөліп алудың жалпы әдістері» (1 курс), «Дәрілік заттарды құрудың келешегімен негізгі бағыттары» (1 курс) элективті пәндер бойынша жұмыстар жасалынды. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (магистратура) мамандығына арналған негізгі базалық пәндер «Химико-фармацевтикалық препараттар және антибиотиктерді өндірудің жаңа технологиясы» (1 курс). «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығына арналған «PhD-докторантура» дайындауда «Дәрілік заттардың құрамын және құрылысын зерттеудегі жаңа технологиялар» базалық пәні (1 курс) жүргізіледі.
Оқу жүйесінің жаңа кредиттік технологияға біркелкі ауысуына байланысты оқытудағы кейбір іс-шараларды жүргізу және басқарудың жаңа механизмімен менеджмент сапасының принциптерін енгізді.
Білім беру сапасын үздіксіз жақсарту мақсатында ұсынылатын білім беру қызметтеріне атап айтар болсақ модулде сапа менеджмент жүйесі басқарылады, құрылған халықаралық стандарт ISO 9001 бақталастықтың өсу кезеңінде, глобализация және саудадағы көпұлттылықтың өршіген кезеңінде:
– ұсынушыларға бағдарлай білу; – басқаруға жүйелік келісім;
– көшбасшылық; – үнемі жақсарту мақсатында;
– жұмыскерлерді ұйымдастыра білу; – дәлелдер негізінде шешім қабылдау;
– жүйелік келісім; – екі жақты келісім.
В соответствии со стратегическим планом развития С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стратегиялық даму жоспарымен білім берудің сапасын қанағаттандыруға байланысты модулдің саясаты келесідей бағытта жүргізіледі:
- Жоғары білімді білікті мамандарды дайындау;
- Білім беру жүйесіндегі оқу- әдістемелік кешеннің сапасын үздіксіз жақсарту;
- Модулдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының аумағын кеңейту білім беру жүйесіндегі ғылыми-техникалық базалардың модернизацияларымен байланысты.
«Фармацевт-аналитик» модулінің оқу жүйесінде оқытылатын бағдарламалар («051103 – Фармация» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары құзіреттілікке негізделген және ГОСО РК 3.08.390—2006 ж. бойынша құрастырылған). Бағдарлама мына авторлар ұжымымен: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ректроы м.ғ.д., профессор А.А. Ақанов, ОТЖ проректоры м.ғ.д., профессор Г.М. Есенжанова және университет оқытушылары М.А.Абирова, Г.О.Устенова, А.К.Бошкаева, Г.М.Саякова, Г.К.Адибаевамен құрастырылып, қарастырылған.
Студенттермен бірге элективтік пәндерді таңдау негіздері эдвайзерлермен бірге жүргізіледі. «Фармацевт-аналитик» модулінде 051103 «Фармация» манадығына арналған 36 кредиттен тұратын элективті пәндердің траекториясы дайындалды. Студенттермен таңдалып алынған элективті пәндердің қатарына мына төменде көрсетілген пәндер: фармациядағы талдаудың физико-химиялық әдістері; фармацевтикалық терминология; дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау.
Оқытудың интерактивті әдістері белсенді түрде жүргізіледі: қарым-қатынас диалогы; топтық талдау; қарсы байланыс (сабақты өткізу тақырыбына байланысты түрлі сұрақтар қойылып, ситуациялық есептер шығарылады); дәрістер және ОБСӨЖ, мультимедиялық презентациялы слайдтар өткізіледі.
Жоғары мектептің заманауи талаптарына сай модулдің ұжымы әрдайым оқытушылардың деңгейін жоғарылатып отырады. Модуль қызметкерлері цикл бойынша «Жоғары білім беру және Боллондық процесс» бойынша Харьков Ұлттық фармацевтикалық университеті жанындағы біліктілікті арттыру институтынан ФПК өтті. Модулдің көптеген оқытушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Фармакопеясын өңдеуде белсенді атсалысты. 2008 жылдан бастап модулдің көптеген қызметкерлері университеттің стратегиялық бағдарламалары «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар», «Жас дәріскер мектеді» бойынша және медициналық негіздерді үйрену барысында информатика, психология, қазақ тілі және ағылшын тілі курстарына, түрлі семинарларға қатысты. 2011 жылы модуль қызметкерлері және 5 курс студенттері Халықаралық ғылыми-практикалық конференция С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтика факультетінің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР, Алматы қаласында ҚазҰМУ 2011 жылдың маусым айында «Фармацевтикалық практика: ғылым интеграциясы, білім беру және өндіріс» атты Алматы қаласындағы 1 а/а дәріхананың 30 жылдығына байланысты өткізілді.
2011 жылдың желтоқсанында Ташкент қаласында «Білім беру интеграциясы, фармациядағы ғылым және өндіріс» атты ғылыми –практикалық конференцияға модулдің қызметкерлері екі докладпен қатысты.
Модулдің ОПҚ құрамы өндірістік бірлестіктермен кештер, фармацевтикалық компаниялармен юбиляр фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор А.С. Бейсенбековтің (70-жылдық және еңбектегі 40–жылдық мерекесіне) байланысты «Менің жылдарым – менің байлығым» атты кештер ұйымдастырды.
2010 жылдың қыркүйек айында «Фармацевт-аналитик» модулінің қызметкерлері С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 80 жылдық мерекесіне орай тұспа-тұс келген фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор К.У.Ушбаевтың 70-жылдығы қарсаңында өткізілген «Фармациядағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми-практикалық конференцияға белсене атсалысты.
«Фармацевт–аналитик» модулінің қатысуымен фармацияның халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылған: “С.Д.Асфендияров атындағы КазҰМУ-дың 80 жасқа толу тойына дейін жеткен университеттің қазiргi жағдайы, табыстары және перспективасы”,
ҚР, Алматы қаласы, 2010 жылдың желтоқсаны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары фармацевт модуліның редакциясымен шығарылған.
Модулдің ОПҚ құрамы академик Бахия Атшабаровқа естелік ретінде өткізілген «WINTER SCHOOL» атты семинарына қатысты, ҚР, Алматы.қ., КазҰМУ, ақпан 2011 ж.
Модулдың ПОҚ-ын академик Бахия Атшабаровтың естелігіне арналған WINTER SCHOOL семинары қатысты, ҚР, Алматы қаласы, 2011 жылдың ақпаны.
Сырттай қатысу жұмыстарда қабылдады:
1 ) XV халықаралық ғылыми мәслихатында “жанұя денсаулығы-XXI ғасыр” атты конференция өтті, Spain-Torremolinos. 2011 жылдың 30 сәуiр – 07 мамыры аралығында;
2) 2-ші халықаралық телеконференция: «Iргелi ғылымдар және тәжiрибе». Томск. 2010 ж.;
3) ХХV Чугаев конференциясының басқарушы химиясы бойынша. Суздаль, 6-11 маусым 2011 ж.;
4) Қазiргi ғылыми бiлiмнiң дамуының перспективалары I Бүкiл ресейлiк сырттай ғылыми-практикалық конференциясы. Чебоксары: Оқу-әдiстемелiк орталық, 2011.
5) С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ-дың фармацевтикалық факультетінің 60-жылдығына арналған « Университет күндері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Білім процесіндегі инновациялық технологииялар: фармацевтикалық ғылым және тәжірибе интеграциясы», (3 желтоқсан 2011 жыл): Алматы, 2011.
6) ҚР-ның тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ғылым күндері-2011» атты ғылыми конференцияда студенттер және жас оқымыстылар, Алматы, КазҰМУ, сәуір 2011 ж.;
7) Химия және химиялық технологиялар бойынша Казақстан-Ресейдің II халықаралық конференциясында (28 ақпан – 2 наурыз 2012 ж., Караганды қаласы, Казақстан);
8) ««Визитинг-профессор» бағдарламасының» жүзеге асуының нәтижесі» атты дөңгелек үстелі (10желтоқсан 2011 ж., Бахия Атшабаров атындағы институт);
9) ҚР-ның тәуелсіздігінің 20-жылдығы шеңберінде профессор К.А. Абдуллиннің 70-жылдығына арналған «инновациялық ортадағы жастар» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция.
«Визитинг-профессор» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Фармацевт-аналитик» модулі фармацевтикалық факультеттің 2,3,4,5 курстардың студенттеріне мастер класстар құрған. «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша құрылған Е.Н.Кириллованың тематикалық дәрістерімен семинар сабақтары – ГБОУ ВПО Санкт-Петербург) өткізілді. 051103 «Фармация» мамандығының 2 курс студенттеріне 2011 жылдың 03 желтоқсанынан 12 желтоқсанына дейінгі өткен мемлекеттік химико-фармацевтикалық академия (Ресей).
Фармацевтикалық химия бойынша 4 курс студенттерінің оқу-профессиялық біліміне көп көңіл аударылады. Студенттер зерттеу-аналитикалық лабораториясы және дәрілік заттарды сертификаттау органдарында тәжірибе өтеді.
Модулдің оқу базасы болып зерттеу-аналитикалық лабораториясы «РМК «ҰОЭДЗ» ДСМ ҚР зерттеу орталығы», АҚ «Нобел Алматы Фармацевтикалық фабрикасы» болып табылады.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Келтірілген темалар бойынша МОН ҚР 2009 – 2011жж . «Фармацевт-аналитик» модулінде тегін ғылыми проектілер өткізілді:
1. Антибиотикалық қасиеттері бар беталактамдар негізіндегі гетероциклдық қатардың жаңа қоспаларын алудың теориялық негіздері,» (мемлекеттік тіркеу номері 0109РК00600). Проектінің жетекшісі, х.ғ.д., профессор Омарова Р.А.
2. «Комплекстүзу процесінің кванттық-химиялық зерттеуі және бұл процестің жартылай эмпирикалық моделін алу» (мемлекеттік тіркеу номері 0109РК00599). Проектінің жетекшісі, х.ғ.д., профессор Омарова Р.А.
Заңды түрде проектілердің потенциалды жеткізуші болып ДГП «Физико-химиялық әдістермен зерттеу орталығы» табылады Аль-Фараби атындағы РГП КазҰУ.
Грант бойынша барлық операциялық сұрақтарды Орталық арқылы шешеді. Жер туралы жылдық отчетті Ғылыми орталық семинары кездесуінде (қараша, 2011 ж.) ауызша доклад ретінде және грант проектілерін үйлестіру бойынша ГОСТтарга сүйене жасаған. КазГосИНТИ есебі.
2011 жылдан 2012 жылғы дейінгі аралықта жоғары оқу орындары ішілік «Клинико-лабораторное обоснование лекарственных средств растительного происхождения при лечении и профилактики заболеваний пародонта и слизистой оболочки полости рта» тақырыпта ұтып алынған гранттық жобасы бойынша жүзеге асырылды.
Проектінің жетекшісі: м.ғ.к.Искакова М.К., фарм.ғ.д. Бошкаева А.К.
Ташкент фармацевтикалық институтымен келісім шарт негізінде біріккен жұмыстар жүргізілді. Зерттеу үлгілерін дәрілік заттар технологиясы кафедрасы базасында құрылды ТашФармИ. Жұмыс жоспар бойынша жүргізілді және уақытылы аяқталды. Қорытынды есеп КазГосИНТИ мемлекетаралық стандартының жаңа талаптарына сәйкес жүргізілді. Алынған дәрілік қалыптарға микробиологиялық зерттеулер мен клинико-лабораториялық зерттеулер өткізді. Дәрігерлер конференциясы өткізіліп стоматологиялық клиникалар базасына негізделе үлгілер апробациясы жүргізілді.
2011 ж.бастап «Фармацевт-аналитик» модулімен Республикалық ғылыми-әйгілі студенттер конференциясы құрылған «Қазіргі фармация мен фармакологияның актуалды сұрақтары» (18 наурыз 2011 ж.). 2012 ж. қаңтарынан бастап микробиология кафедрасының базасына негізделе С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУда Escherichia coli бактерияларымен өндірілетін пенициллинацилаза ферментінің микробиологиялық зерттеулері жүргізіледі.
Модульдің гранттық жобаларының бірі арқылы 2, 3, 4 курстың орыс және казақ бөлімдерінің студенттеріне «пародонт ауруларын емдеу және профилактикасы ушін және ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануларына қолданылатын өсімдіктекті дәрілік заттарды клинико-лабораториялық негіздеу» атты ғылыми жұмыс жасалынады. студенттердің экспериментальды жұмыстарының тематикалық бағыты болып «өсімдіктекті шикізаттан дәрілік қалыптарды алу» табылады. «Фармацевт-аналитик» модулінде 15 студенттен құралған ғылыми студенттер кружогы жұмыс атқарады. Жыл сайын бұл студенттер модулдің мини-конференцияларына, факультеттің және С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ университетінің «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған ғылыми конференциялар этаптарына, сонымен қатар Республикалық ғылыми-әйгілі «Қазіргі фармация мен фармакологияның актуалды сұрақтары» атты студенттік конференцияға қатысады. Жақын уақытта Екінші Ұлтаралық Форум «Жастар және химия саласындағы инновациялар» жоспарланып отыр (17-18 наурыз 2012 ж., Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлтық Техникалық Университеті, Қоғамдық Бірлестік «Студенттер Химиктер Ассоциациясы»). Форумда фармацевтикалық факультеттің «Фармацевт-аналитик» модулінің «Органикалық синтез және табиғи қосылыстар химиясы» секциясында ғылыми -студенттік кружокта жұмыс істейтін 4 курс студенттері қатысады деп жоспарланып отыр.
«Фармацевт-аналитик» модулі жоғарыда айтылып кеткен орындалған және жоспарланып отырған іс-шаралармен кешен ретінде оқу процесін ұйымдастыру сұрақтары мен ғылыми потенциалды дайындауға көп көңіл бөледі. Модулдің жаңа оқу жүйесіне өтуі оқушылардың фармация жүйесінің ерекшеліктеріне сүйене отырып профессионалды мүмкіншіліктерін анықтауға; ұжымның творчестволық потенциалын, инициативасын дамытуға; сөйлеу мәнерінің мәдени дағдылары мен қарым қатынас дағдыларын жетілдіреді. Бұл бағытта модуль жемісті жұмыс атқаруда.