Алматы–Қарағанды дөңгелек үстел форматындағы студенттік онлайн конференция

Алматы–Қарағанды дөңгелек үстел форматындағы студенттік онлайн конференция

 

Қазан айының 31-ші жұлдызында С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ден –«Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулі, университеттің студенттік үкіметі және дебат клубының, сондай-ақ Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінен – Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы және сол университеттің дебат клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәселерінің бірі: студенттердің ақша табу мақсатында жұмысқа тартылуы» атты дөңгелек үстел форматындағы студенттік онлайн видео-конференциясы өтті. Аталған іс шараға студенттің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің өкілдері, студенттік үкімет мүшелері, дебат клубы мүшелері, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Халықаралық Бизнес Университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Сүлеймен Демирел Университеті, Қазақстан Ресей медициналық университеттерінің студенттері қатысты.

ҚР әлеуметтік сала экономикасының негізгі мәселелерінің бірі студент жастардың күндізгі бөлімде оқып жүріп, жұмыс істеуі болып табылады. Қазіргі кезде көптеген студентер сабақтан кейін бос уақыттарында жұмысқа барады. Көпшілігінің жұмысқа баруы студенттің өмір тұрмысына, отбасы жағдайына, әл-ауқатына, әр түрлі жағдайда өмір сүруіне байланысты. Егерде студент өз мамандығына сәйкес жұмыс тауап істеп кетсе жақсы, оқуын бітіргеннен соң жұмыс өтелімі болады. Дипломын алғаннан соң нағыз маман ретінде жұмысқа еркін орналаса береді. Әрине аман-есен оқуын бітіріп шықса.Ал енді мамандығына байланысты жұмыс таба алмай, ақша табу үшін жұмыс істесе (кафеде, күзетте т.б.), студент жұмыстан физикалық және рухани түрде шаршап келуіне байланысты үй тапсырмаларын жүйелі түрде орындамауына алып келеді. Сондай-ақ жұмыс беруші студентті жақсы және жайлы жұмыс орнымен қамтамасыз етпеуінен студенттер өз денсаулығына зиян келтіріп алуы мүмкін. Дегенмен студенттердің жұмыс істеуі жауапкершілігінің молаюы мен адамдармен қарым-қатынасының жақсаруына үлесін тигізеді, сонымен қатар студенттер жұмыс істеу арқылы ата-анасына қаражат жағынан кішкене болса да көмек тигізе алады, ең болмағанда өздерін материалдық тұрғыда қамтамасыз ете алады. Студненттердің жұмыс істеуінің артықшылығы мен кемшілігі жетерлік. Сол себепті осы мәселені ұйымдастырылған студенттік коференцияда дискуссияға шығарып талқыладық.

ҚазҰМУ-ден СҮ-нің төрағасы Бөріхан Ерболат модератор болса, ҚММУ-ден СҮ-нің төрағасының орынбасары Нұрлыбек Изетов модератор болды. Сондай-ақ ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенті, университетіміздің дебат клубының үйлестірушісі Оспан Заманбековтың және ҚММУ-дың «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті Айжан Маликайдардың жасаған баяндамалырының өзекті болғанын атап өтпесек болмайды. Жасалған баяндамалардан соң форумға сөз берілді. Қарағанды жақтан да, Алматы қаласындағы бірнеше ЖОО-ның студенттері де аянбай өз пікірлерін ортаға салды. Соңында екі жақтан қатысқан оқытушылар, ҚММУ-нің Жалпы медицина және стоматология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Оспанова Динара Толеуовна және ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының төрағасыШыңғысбаев Лескен Сейдіғалымұлы өз пікірлерімен бөлісіп конференцияны қорытындылады. Студенттер аталған іс-шарадан жақсы әсер алды. Алдағы уақытта осындай онлайн конференциялар жиі өткізіп тұру керек деп тарқасты.