1.10.2014ж. С.Ж. Асфендияровтың 125 жылдығына арналған «Жастар және олардың деңсаулығы» деген іскерлік ойынды «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының және «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттерінің көмегімен INTRO 1, № 20 аудиторияда сағат 1500те химия кафедрасының ұжымы өткізді:
Жауапты доценттер: А.Е.Есімжан, Э.К.Карлова, А.К.Құсаинова
Іскерлік ойынның мақсаты:
1. Адамның денсаулығын жақсартуға, өзінің және жақындарының денсаулығына жауаптылық сезімді тудыруға тәрбиелеу;
2. Алкогольдің адам ағзасына әсері туралы білімді кеңейту;
3. Осы ақпараттарды химия және басқа да курстарда алатын білімдерімен байланыстыра білу;
4. Студенттерді химиядан ғылыми және кеңінен тараған әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету;
5. Осының нәтижесінде адамның ішімдік туралы ой түбінде жатқан сезімдерін оятып, айналасындағы шындықты түсіну үшін жаңа ойлай білу қабілетін арттырып, жоғары түсіну деңгейіне шығару;