28 қыркүйек күні 2015 жылы Этикалық кеңестің төрайымы Мустафина Ж.Г. мен Фармацевтика факультетінің деканы Датхаев У.М.-пен профессорлық – мұғалімдік құрамының ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет, күресу міндет!» атты мұғалімдер арасында семинар өткізілді. Ол кездесуде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің заңгері Суюнова М., ДРСКСС бас маманы Акчина Г.М., тест орталығының бас маманы Арипова Ж.Ш. қатысты.
2014 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілгендігін. Стратегияның мақсаты-мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайластық деңгейін төмендету болып табылатынын осы факультеттің деканы Датхаев У.М.атап өтті. Осы тұрғыда факультетте көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айта кетті.
Жиынды қорытындылағанда факультет деканы осы ұжымның мұндай әдеттерден аулақ екендігін айта келе, дөңгелек үстелге қатысушыларды сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресте жұмыла жұмыс жасауға шақырды.