Наурыз айының 1 күні С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- нің Фармация институтының «Фармация» мамандығының 2 курс студенттерімен осы факультеттің «Фармацевт -аналитик» модулінің оқытушысы мен тьюторлары Ахелова А.Л., Сикымбаева М. жетекшілігімен М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына барды.
Шәмші Қалдаяқовтың сөзіне жазылған «Сыған серенадасы» – театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Ол режисердің жоғары кәсіби біліктілігі мен әртістердің дарыны бір арнада тоғысып, болып жатқан оқиғаның желісіне сендіре білді.
Әдемі тосын сюжеттік оқиғалар және күтпеген финал әркімге рухани азық болды деген сенімдеміз.