Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты. Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән идеяларға қол жеткізе аласың. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс- шара «Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» екендігін дәлелдей түсті.
28.09.2016 жылы №4 дәрісханада қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған және Қазақстан халықтарының «Тілдер күні» мерекесіне арналған «Тіл– татулық тірегі» атты әдеби-танымдық кешболып өтті.
Кешке студенттердің тәрбие бөлімінің бастығы С.А.Апсаттарова мен университет оқытушылары қатысты.
Аталмыш кешті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А. Абдуллина ашып беріп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге байланысты елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға және сонымен қатар біздің университетте ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың орны туралы айтып өтті. Кеш барысында танымал ақын-жазушылардың тіл туралы ой-толғамдары айтылып, әр ұлттың тілдерінде ән шырқалды, мың бұралған бишілердің өнерлері тамашаланды. Өлең-жырлар оқылып, мақал-мәтелден әр факультет жарысып, «Қазақтың үш биі» атты сахналық көрініс қойылды.
Кешті ұйымдастыруға ат салысқан қазақ тілі кафедрасы және жауаптыларкафедраның меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.А.Абдуллина, ф.ғ.к, доцент Б.Ж.Доскеева, ф.ғ.к., оқытушы Ф.Б.Қожахметова.
Ана тіліңді қадірлеу-мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп,оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын естен шығармауымыз керек.