2017 жылдың сәуір айының 13 және 14 жұлдызында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті 5В110300 – «Фармация» және «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында ІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиада Республикалық пәндік олимпиадалар шеңберінде болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау мақсатымен өткізіледі.
Олимпиадаға ҚР барлық ЖОО-нан 5В110300 – «Фармация» және «5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары қатысады.
Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер технологиясы кафедрасының атынан «Феникс» атты 5 студенттен құралған команда қатысады. Олар: Омарова Гаини, 4 курс
- Сарсенова Камарсулу, 4 курс
- Маликова Наргиза, 4 курс
- Имаилова Асем, 3 курс
- Воротенцева Виктория, 3 курс
Сонымен қатар «Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәнінен «Фармация» мамандығы бойынша топтар дайындалуда.
Барлықтарыңызға сәттілік!