«Жетім көрсең жебей жүр» – деп қазақ халқы бекер айтпаған, тағдыр талқысына ерте түскен жетім балалардың көңілін аулап, жанына жылулық беру, қамқорлығыңды көрсету игі іс саналады. «Алматының 1000 қайырымды ісі» бағдарламасы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация Институтының ұйымдастыруымен Алматы қалалық №2 балалар үйінде қайырымдылық акциясы өтті. Концерттік бағдарлама қойылып, ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Мерекелік жиын «Фармацевт-технолог» және «Фармацевт-токсиколог» модулі оқытушыларының қатысуымен, 1-курстан 5-курсқа дейінгі студенттердің атсалысуымен қызықты өтті. №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері үлкен үміт күттіретін азаматтар болатынына сенім мол. Тәлімгерлер де ризашылығын білдіріп, сөз сөйледі. Фармация институтының ұстаздарына рахметі, әрі сыйлығы ретінде тәрбиеленуші балалар флеш-моб биледі. Басқосу соңында фотоға түсіп, естеліктер қалдырылды. Жетім балаларға қамқорлық жасайтын, жағдайларына қарайласатын, қоғамның тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтары бар елдің ғана болашағы баянды, тәуелсіздігі тұрақты болмақ!!