Студенттердің азаматтық білім беру және патриотизмді қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау мақсатында 2016 жылдың 20 желтоқсанында«Шет тілді және кәсіби шет тілі» кафедрасы «Жалпы медицина»деканатымен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Tұғұрлы Тәуелсіздік» атты факультативтік сабақ өткізді. (Жауаптылар: кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я., кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт. Садыкова А.А.). Іс-шара ЖМ факультетінің 16-012-1,16-023-2 топ студенттерінің қатысуымен өтті.
Іс-шарада «Қазақстан Республикасының гимні», «Менің Отаным — Қазақстан», атты слайдтық презентациялар, Қазақстан халқының әндері, билері орындалды. Бұл іс-шара әрбір ұлт өз тілі мен мәдениетін дамытуға құқығы бар көпұлтты мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының символы жайында алған білімдерін бекіту үшін үлес қосты.