Фармацевтика факультетінің деканат қызметкерлері, «Фармацевт-аналитик» модулінің оқытушылары мен факультет студенттері «Алматы қаласының 1000 жылдығына» және фармацевтика факультетінің 65 жылдығына орай 02 сәуірде «Жанұя» жетім балалар үйінде қайырылымдылық іс-шарасын өткізді. Іс –шара барысында студенттермен флеш-моб, концерт, спорттық жарыстар өткізілді,сонымен қатар балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылды.
Қызметкерлер атынан белсене араласқан студенттерге алғысымызды білдіреміз. Осындай іс-шаралар жетім балалардың күнделікті өмірін ерекшелендірді.
Іс –шара барысындағы сәттерден алынға суреттер: