6D110400 «Фармация» мамандығының 2 жыл докторанты Сатмбекова Д.К. 15.09.2016 мен 15.12.2016 аралығында «Фармакотехнологические аспекты разработки и стандартизация нового лекарственного средства из цикория обыкновенного (Cichorium intybus L.)» ғылыми зерттеу жұмысы тақырыбы аясында АҚШ, Оксфорд қаласында (Табиғи өнімдерді зерттеу Мемлекеттік ғылыми орталығының Фармация мектебі) PhD докторы, Миссисипи университетінің профессоры Самир А. Росс. жетекшілігімен ғылыми зерттеу тағылымдамасын өтті.
Ғылыми зерттеу тағылымдамасы нәтижесінде:
- Cichorium ntybus L. шөбі мен тамырынан критикаға дейінгі жағдайда СО2-экстрактілері алынды
- Cichorium ntybus L. шөбі мен тамырынан (және оның шротынан) мацерация әдісі арқылы (95% этил спирті) қою экстракт алынды
- СО2-экстрактісінен 13 (CI-1-A – CI-1-M) фракция, ал этил экстрактісінен (95%) 7 фракция (CI-2-A – CI-2-G) алынды.
- Аталған фракциялардан 7 компонент бөлініп алынды және негізделді. Олардың 1 жаңа, 3-і бірінші рет Cichorium intybus L. бөлініп алынды, ал қалған 3 белгілі. Зерттеу нәтижелері бойынша Thomson Reuters деректер базасына енетін журналға мақала берілді және ол тексерілу кезеңінде.