С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде докторантура бағдарламасын аяқтап, диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғаған түлектерге философия докторы (PhD) дипломдарын табыстау рәсімі өтті.
8D10102 – «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Хамитова Акжонас Ермековна PhD дипломына ие болды. Ол «Синтез и исследование активных фармацевтических субстанций на основе азотсодержащих гетероциклических соединений» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Ғылыми кеңесшілері:
- Берилло Дмитрий Александрович – PhD, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Ғылым департаментінің профессоры;
- Сакипова Зуриядда Бектемировна – фарм.ғ.д., профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебінің деканы.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Simon Waddell (Саймон Уодделл) – PhD, Ұлыбританиядағы Сассекс университетінің Брайтон және Сассекс медицина мектебі, Жаһандық денсаулық сақтау және инфекциялар кафедрасының профессоры.
8D07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Ғазизова Аида Архатқызы PhD дипломына ие болды. Ол «Азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) өсімдік шикізатынан дәрілік заттарды алудың фармацевтикалық негіздемесі» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Ғылыми кеңесшілері:
- Амирханова Акерке Шиынкуловна – PhD, қауымдастырылған профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
- Устенова Гульбарам Омаргазиевна – фарм.ғ.д., профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Mehmet Öztürk – PhD, Түркия Республикасындағы Мұғла Сытқы Кочман университетінің аналитикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының профессоры.
6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Ибадуллаева Актолкын Кинязбековна PhD дипломына ие болды. Ол «Андыздың (Inula) кейбір түрлерінен фитосубстанциялар алудың әдістемелік тәсілдері және олардың негізінде дәрілік қалыптар жасау» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Ғылыми кеңесшілері:
- Кожанова Калданай Каржауовна – фарм.ғ.к., қауымдастырылған профессор, инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының меңгерушісі, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Бошкаева Асыл Кенесовна – фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Жетерова Сауле Кенжеевна – фармацевтика ғылымдарының кандидаты;
- Рахимов Қайролла Дүйсенбаевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі: Тернинко Инна Ивановна – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
Жас ғалымдарды PhD дәрежесін алуларымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға ғылым жолында жаңа жетістіктер, табысты зерттеулер, кәсіби биіктер мен отандық фармацевтика ғылымының дамуына елеулі үлес қосуды тілейміз.




