Фармация мектебінде ғылыми жарияланымдарды дайындау бойынша шеберлік сабағы өтеді

2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 16:00-де Фармация мектебінің Журнал клубы отырысы аясында «Ғылыми мақаланы дайындау және оның жарияланымдық әлеуетін арттыру бойынша лайфхактар» тақырыбында шеберлік сабағы өтеді.

📅 Күні: 2026 жылғы 28 қыркүйек
🕓 Уақыты: 16:00
📍 Өтетін орны: Фитотека, №3 оқу корпусы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Спикер — Фахрадиев Ильдар Рафисович, PhD, қауымдастырылған профессор, «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ ғылыми бағыт жөніндегі проректоры.
Шеберлік сабағы барысында ғылыми мақаланы дайындаудың, зерттеу нәтижелерін құрылымдау мен ұсынудың, сондай-ақ қолжазбаның жарияланымдық әлеуетін арттырудың практикалық тәсілдері қарастырылады. Ғылыми жарияланымдарды дайындаудың заманауи құралдарына, ғылыми мәтінмен жұмысты тиімді ұйымдастыруға және қолжазбаны рецензияланатын журналға ұсынар алдында оның сапасын арттыруға мүмкіндік беретін практикалық әдістерге ерекше назар аударылады.
Қатысушылар ғылыми мақаланы дайындау бойынша практикалық ұсынымдармен танысып, жарияланыммен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылай алады.
Шеберлік сабағы академиялық жазу дағдыларын жетілдіруге және ғылыми жұмыстарды рецензияланатын басылымдарда жариялауға дайындауға қызығушылық танытатын докторанттарға, магистранттарға, жас зерттеушілер мен студенттерге пайдалы болады.

Барлық қызығушылық танытқан қатысушыларды Фармация мектебінің Журнал клубы отырысына қатысуға шақырамыз!