С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде 6B07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың I (университетішілік) іріктеу кезеңі өткізілді.
Іс-шара 2026 жылғы 8 сәуірде университеттің 2-корпусында ұйымдастырылып, оған жалпы саны 40-қа жуық студент қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық және практикалық дайындық деңгейін анықтау, сондай-ақ үздік студенттерді Республикалық кезеңге іріктеу.
Іріктеу нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған студенттер II кезеңге (Республикалық) қатысуға ұсынылды.
Іріктеу кезеңінің қорытындылары:
3 курс студенттері:
- Пардабай Назерке – 54/60
- Тохтарбай Альбина – 49/60
- Темірханова Ақмерей – 49/60
- Баянбаева Әсем – 48/60
4 курс студенттері:
- Әбілова Ғазиза – 44/60
- Косыбаева Алия – 42/60
- Нышанбаева Мадина – 40/60
- Бекмұханбет Ақерке – 39/60
Аталған студенттерге алдағы Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!





