Ғылыми-зерттеу жұмысы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінің «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасы – фармацевтикалық ғылымның дамуына кәсіби дәстүрлерді, заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді біріктіретін жетекші ғылыми-білім беру орталығы.

Кафедраның миссиясы – фармацевтикалық секторда тиімді жұмыс істей алатын, ғылыми әзірлемелер мен басқару-маркетинг технологияларын енгізуге қабілетті, клиникалық фармация бағытын дамытатын құзыретті әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Кафедраның ғылыми-білім беру миссиясы

Ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра қызметінің ажырамас бөлігі және басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мұнда болашақ зерттеушілер мен оқытушылардың ғылыми әлеуеті қалыптасып, аналитикалық ойлау, шығармашылық және зерттеу мәдениеті дамиды.

Кафедра оқытушылары бакалавр, магистратура және PhD докторантура деңгейіндегі білім алушыларды ғылыми жобаларға тарта отырып, ұрпақтар сабақтастығын және фармация, фармацевтикалық экономика, менеджмент пен маркетинг салаларындағы ғылыми мектептердің дамуын қамтамасыз етеді.

Негізгі ғылыми бағыттар

Кафедраның ғылыми қызметі Қазақстандағы фармацевтикалық саланың және денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық басымдықтарына сәйкес кең бағыттарды қамтиды:

•⠀фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және басқару, GxP стандарттарына сай бақылау және реттеу жүйелерін жетілдіру;
•⠀фармацевтикалық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналым механизмдерін талдау;
•⠀фармакоэкономика, баға белгілеу, өтемақы және сақтандыру жүйелерін дамыту (МӘМС аясында);
•⠀фармацевтикалық нарықты маркетингтік зерттеу, дәрілік препараттарға сұраныс пен қажеттілікті анықтау;
•⠀клиникалық фармация және фармакобақылау – фармакокинетика, фармакодинамика және дәрілердің қауіпсіздігі мен тиімділігін зерделеу;
•⠀отандық дәрілік заттар мен фитосубстанциялар бойынша фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеулер;
•⠀фармацевтикалық қызметтің әлеуметтік және кәсіби-этикалық қырларын зерттеу, фармацевтикалық өзін-өзі басқару мен кәсіби бірлестіктерді дамыту;
•⠀клиникалық фармацевтің қазіргі еңбек нарығына сай құзыреттері мен біліктілік сипаттамасын әзірлеу.

Халықаралық ынтымақтастық және ғылыми жобалар

Кафедра халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты белсенді дамытады, ел ішіндегі және шетелдік серіктестермен бірлескен зерттеулер жүргізеді.

Кафедра қызметкерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық ғылыми қор және халықаралық ұйымдар қаржыландыратын жобалардың жетекшілері мен орындаушылары болып табылады.

Соңғы жылдары фармацевтикалық ғылымды дамытуға, инновацияларды енгізуге және фармацевтикалық секторды цифрландыруға бағытталған жиырмадан астам іргелі және қолданбалы жоба орындалды.

Баспа және инновациялық белсенділік

Кафедраның ғылыми әлеуеті жоғары жарияланымдық белсенділікпен және халықаралық форумдарға қатысумен дәлелденеді.

Соңғы бес жылда 300-ден астам ғылыми еңбек жарияланып, олардың 100-ден астамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (КОКСНВО МНВО РК) тізіміне енгізілген және Scopus, Web of Science базаларына кіретін басылымдарда жарық көрді.

Зерттеу нәтижелері оқу процесіне, әдістемелік құралдарға, диссертациялар мен оқу-әдістемелік басылымдарға енгізіліп, фармацевтикалық білім мен тәжірибенің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Инновациялық жобалар және ғылыми мектептерді дамыту

Кафедраның басым бағыты – ғылыми идеяларды фармацевтикалық өндіріс пен денсаулық сақтау саласына енгізілетін практикалық шешімдерге айналдыру.

Кафедра қызметкерлері өсімдік текті фармацевтикалық субстанциялар мен синбиотикалық кешендерді алу, сондай-ақ дәріхана желісін цифрлық басқару жүйелерін енгізу бойынша инновациялық жобаларды іске асырады.

Жастардың ғылыми бастамалары қолдау табады, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және TRL (Technology Readiness Levels) тәсілдері қолданылады.

Кафедраның фармацевтикалық ғылымға қосқан үлесі

Кафедра – ғылымға, медицина мен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан кәсіби мамандар қауымдастығы.

Кафедра қызметі бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті қалыптастыруға, ғылыми мектептерді дамытуға және Қазақстанның фармацевтикалық ғылым саласындағы беделін арттыруға бағытталған.

Ғылыми жетістіктер фармацевтикалық білім мен дәрілік қамтамасыз ету сапасын жетілдірудің және халыққа тиімді әрі қауіпсіз дәрілік заттардың қолжетімділігін арттырудың негізі болып табылады.