Lokman Hekim University университетіндегі академиялық ұтқырлық

2026 жылғы 20–29 наурыз аралығында Фармация мектебінің фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының PhD, ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессоры Тлеубаева Меруерт Ильясовна Lokman Hekim University университетінің фармацевтикалық факультетінде (Анкара, Түркия) академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтті.

Іссапар барысында факультет деканы профессор İlkay Erdoğan Orhan, клиникалық фармация кафедрасы меңгерушісі Beyza Torun, менеджмент кафедрасының лекторы Ayşenur Özgünseven Çağ қатысуымен факультеттің білім беру бағдарламалары мен инфрақұрылымымен танысу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік іс-шараларға қатысу қамтамасыз етіліп, кәсіби байланыстар орнатылды, оқытудың заманауи тәсілдері талқыланды. Бірлескен академиялық және ғылыми жобаларды дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру нәтижесінде кәсіби біліктілікті арттыру, академиялық байланыстарды кеңейту және заманауи білім беру тәсілдерін енгізу қарастырылды, бұл 72 академиялық сағат көлеміндегі сертификатпен расталды. Алынған нәтижелер «Фармация» білім беру бағдарламасын жетілдіруге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Академиялық ұтқырлық ғылыми-білім беру өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал етті.