ҚРМУ-мен академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру аясында, КЕАҚ «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» (ҚазҰМУ) және Мемлекеттік емес білім беру мекемесі “Қазақстан-Ресей медициналық университеті” (ҚРМУ) жоғары оқу орындары арасында меморандум негізінде фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының ассистенттері Ан В. С. және Хамитова А.Е. ҚРМУ –де дәріс оқуда.
26 наурыз және 6 сәуір 2024 ж. аралығында Ан В. С. және Хамитова А. Е. “Фармакогнозия” пәні бойынша, ҚРМУ “Фармация” мамандығының 4 курс студенттерін оқытуда. Сонымен қатар, Фармация кафедра (ҚРМУ) ассистенті, мед.ғ.магистрі Егізбаева Ш. С. фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника (ҚазҰМУ) кафедрасында “Фармакогнозия” пәні бойынша сабақ беруде.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы оқытушылардың біліктілігін көтеру үшін және студенттердің кәсіби білімін арттыруда маңызды рөл атқарады!

Ан Владимир Сергеевич

Хамитова Акжонас Ермековна


Егізбаева Шырын Сапархановна