Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, профессор, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Устенова Г.О. және фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Шуленова Г.К., тәрбие жұмысына жауапты, фармацевтикалық технология кафедрасының кураторлары «Фармация» және «ФӨТ» мамандығы бойынша Фармация мектебінің 1-4 курс студенттеріне тәлімгер болып табылады.

Кафедрадағы тәрбие жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес кафедра меңгерушісі мен тәрбие жұмысына жауапты тұлғаның жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Фармацевтикалық технология кафедрасының кураторлары студенттердің академиялық адалдығы мен үлгерімін талқылау үшін кураторлық сағаттар өткізді, Академиялық адалдық кодексімен, университеттің Академиялық саясатымен таныстыру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі құжаттармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Студенттерге ішкі нормативтік құжаттар «Академиялық саясат» және «Академиялық адалдық» берілді. Іске асыру және дипломдық жобалардың тақырыптарын таңдау бойынша талқылау сұрақтары болды.