С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебі студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және жас оқытушыларды ғылыми әдебиеттерді сыни талдау дағдыларын дамытуға арналған Журнал клубының кезекті отырысына шақырады.
Кездесу тақырыбы: «Ғылыми мақалаларды сыни талдау: тәсілдер, құралдар және практикалық мысалдар»
Күні: 16 сәуір
Уақыты: 16.00
Өтетін орны: 2-оқу корпусы, 105-кабинет
Кездесу барысында талқыланады:
- медицина және фармация саласындағы ғылыми мақалалардың сапасын бағалау критерийлері
- зерттеу дизайнын, статистикалық өңдеуді және нәтижелерді интерпретациялауды талдау әдістері
- әдіснамалық шектеулер мен ықтимал жүйелі қателерді анықтау тәсілдері
- халықаралық журналдардағы мақалаларды талдаудың практикалық мысалдары
- өз ғылыми жұмыстарыңызды дайындау кезінде сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған ұсыныстар
Кездесуге зерттеу дағдыларын жетілдіргісі келетін және ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға ұмтылатын барлық қатысушылар шақырылады.