026 жылғы 21 қазан күні «Concordia» театрында қазақ халқының көрнекті қайраткері, ғалым, дәрігер және университетіміздің тұңғыш ректоры Санжар Жапарұлы Асфендияровтың өмірі мен ел болашағы жолындағы ерен еңбегіне арналған «Санжар Асфендияров» тарихи драмасы қойылды.
Қойылымды ФА26-005р тобының білім алушылары топ кураторы, ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының лекторы Хамитова А. Е.-мен бірге тамашалады.
Тарихи драмада Санжар Асфендияровтың өмір жолы, ғылыми және қоғамдық қызметі, медицина мен білім саласының дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегі сахналық көріністер арқылы ұсынылды. Қойылымда бір тұлғаның тағдырымен қатар, тұтас ұлттың тарихы, қайсар рухы және Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі бейнеленді.
Қойылым студенттерге ерекше әсер қалдырып, олардың С. Ж. Асфендияровтың өмірі мен тарихи мұрасына деген қызығушылығын арттырды. Білім алушылар көрнекті тұлғаның елге қызмет ету жолымен танысып, тарихымызды құрметтеудің және ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын терең түсінді.
Осындай мәдени-танымдық іс-шараларға қатысу студенттердің рухани дамуына, тарихи санасының қалыптасуына, отансүйгіштік қасиеттерінің нығаюына және дүниетанымының кеңеюіне ықпал етеді.




