Кафедра меңгерушілері
Литвинова Н.Н.
х.ғ.к., доцент
Ихсанов Ж.А.
х.ғ.к., профессор
Асанова О.Л.
х.ғ.к., доцент
Абишев М.А.
х.ғ.д, профессор
Тулегенова А.У.
ф.ғ.д., профессор
Кусаинова Ж.Ж.
х.ғ.к., профессор
Алиев Н.У.
х.ғ.д., профессор
Шарипов К.О.
б.ғ.д., профессор
Мырзакожа Д.А.
х.ғ.д., профессор
Қаз ҰМУ-ның химия кафедрасы 1934жылдың 5 мамырында(АГМИ) құрылған. Оның ең алғаш негізін қалап, жетекшісі болған х.ғ.к., доцент – Литвинова Нина Николаевна. Кафедрада органикалық, физикалық және коллоидты химия, жалпы химия пәндері бойынша сабақтар жүргізілді.
1949 жыл мен 1971 жылдар аралығында кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ильинский Тихон Федорович басқарды.
1951 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтында фармацевтика факультеті ашылды.
1971 жылы кафедра медициналық факультеттердің жалпы химиясы және фармацевтика факультетінің химиясы деп екіге бөлінді.
Медициналық факультеттердің жалпы химия кафедрасының меңгерушісі болып, кафедрада 1968 жылдан бастап оқытушы болып істейтін х.ғ.к., доцент Ихсанов Жумажан Абуович тағайындалды.
Одан кейінгі жылдары медицина факультеттерінің жалпы химиясы кафедрасына х.ғ.к., доцент Асанова Ольга Леонтьевна (1975-1977 ж.ж.), ал 1978 жылдан бастап х.ғ.к., доцент Абишев Майдан Айтмагамбетович жетекшілік еткен.
1983-1986 ж.ж. аралығында медициналық факультеттердің химия кафедрасына профессор Ж.А. Ихсанов қайтадан жетекшілік етті.
Фармацевтика факультетінің химия кафедрасында, 1971жылы жеке бөлінгеннен бастап, х.ғ.к., доцент Горковский Дмитрий Владимирович жетекшілік етті.
1977 жылы фармацевтика факультетінің химиясы кафедрасы токсикология және аналитикалық химия кафедрасы болып қайта құрылды. Оны фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент – Ушбаев Кенес Ушбаевич басқарды.
1989 жылы фармацевтика факультетінің химия кафедрасы екіге бөлінді. Оның бірі – аналитикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, оған фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Тегісбаев Ерболат Тегісбаевич, өзінің бұрынғы атауымен қалған екінші кафедраны фармацевтика ғылымдарының кандидаты – Тулегенова Ардак Орынбасаровна жетекшілік етті.
1995 жылы фармацевтика факультетінің химия кафедрасына аналитикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, жыл өткен соң медициналық факультеттердің химиясы кафедрасы қосылды. 1999 жылы химия, жоғарғы математика және медициналық физика кафедралары бірігеді де, кафедра физика-химия пәндері кафедрасы деп аталады, кафедраны ҚР МҒА корреспондент-мүшесі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Төлегенова Ардақ Орынбасаровна басқарды.
2003 жылы физика-химия пәндері қайтадан бөлінді, ал 2006 жылы химия кафедрасына органикалық химия пәні қосылды.
2008-2011 жж кафедраны, профессор Құсаинова Жеңіс Жанғалиевна басқарады.
2011-2013жж химия пәні биохимия кафедрасына біріктірілді. Кафедра меңгерушісі профессор Плешкова С.М. болды.
2013- 2015 жылдар аралығында химия кафедрасы қайта бөлінді, кафедраны х.ғ.д., профессор Әлиев Н.Ө. басқарды.
2015 жылдан кафедра қайтадан биохимия кафедрасының құрамына енді. Биохимия кафедрасының меңгерушісі – б.ғ.д., профессор Шарипов Камалидин Орынбаевич.
Кезекті қайта құрудан соң 2018 жылы қыркүйек айында химия кафедрасы қайтадан бөлінді, кафедраны Мырзақожа Дияс Асылбекұлы басқаруда.
Кафедра штатында 9 оқытушы жұмыс істейді, олардың екеуі профессор, 7 ғылым кандидаты.
Кафедра ПОҚ құрамымен дәрістер оқылады, зертханалық-тәжірибедік сабақтар жүргізіледі. (ЖМ, Стом, пед).