Кафедра тарихы

Кафедра тарихы

Фармацевтикалық химия кафедрасы және фармакогнозия кафедрасы дербес жеке кафедралар ретінде 1953 жылы ұйымдастырылды. 1953 жылы доцент Бабич Соломон Ефимович фармацевтикалық химия кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. 1969-1979 жылдары кафедраға фарм.ғ.к., доцент Есболған Тегисбаевич Тегісбаев жетекшілік етті. 1979 жылы Е.Т. Тегісбаев ҚазССР үкіметінің шешімімен Шымкент қаласындағы АГМИ филиалының бірінші директоры болды.

1979 жылдан 2008 жылға дейін кафедраны фарм.ғ.д., профессор Бейсенбеков Әлімхан Сабекович басқарды. Оның ғылыми басшылығымен жиырма жыл бойы қызметкерлердің «Физикалық-химиялық анықтаудың әдістерін пайдалана отырып, дәрілік заттардың фармацевтикалық талдауында полиметинді бояулардың пайда болу реакциясын қолдану» тіркелген жоспарлы тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.

2008 жылы «Фармацевт-аналитик» модулі құрылған. Модуль құрылғаннан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін «Фармацевт-аналитик» модулін химия ғылымдарының докторы, профессор Омарова Роза Амиржановна басқарды. Оның ғылыми жетекшілігімен ҚР БҒМ аясында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Р.А. Омарованың басшылығымен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Стоматология институтымен бірлесіп 2012 жылдан бастап «Фармация мен стоматологияның басымдықтары – теориядан практикаға» халықаралық жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 2016 жылғы қыркүйектен бастап «Фармацевт-аналитик» модулінің атауы Фармацевтикалық химия курсы деп өзгертілді.

2016 жылдың қазан айынан бастап фармацевтикалық химия курсының меңгерушісі болып профессор Бейсебеков Эдуард Мухамеджанович тағайындалды.

Фармакогнозия кафедрасы алғаш рет 1953 жылы ұйымдастырылған. Кафедраның бірінші басшысы провизор Беликов – Штомич П.И. болды, 1954 жылы м.ғ.к., доцент Чудинов В.В. болды, ол осы лауазымда 19 жыл жұмыс істеді. Беликов – Штомич П.И. жетекшілігімен фармацевтика ғылымдарының 1 кандидаты, доцент Бошко З.И. дайындалды. Осы кафедрада білікті мамандар – м.ғ.к., доцент Писарев А.А. жұмыс істеді, осы уақыт ішінде мақсатты аспирантура арқылы жетекшілігімен 3 қызметкерінің кандидаттық диссертацияларын қорғады: К.В. Доброхотова, А.Г. Мұхаметгалиев, У.М. Мырзағалиев. Доцент А.А. Писарев, К.В. Доброхотовамен бірлесіп, «Айналамыздағы емдік өсімдіктер» кітабын шығарды (1980 ж.) және 50-ден астам ғылыми еңбегін жариялады. Одан кейін ф.ғ.д. Г.К. Никонов жетекшілік етті. Осы кезеңде кафедраның 3 қызметкері (А.А. Бимурзаев, В.Г. Синицына М.А. Баймухаметов) кандидаттық диссертацияларын қорғады. 13 жыл бойы кафедраны ф.ғ.к. жоғары білікті маманы, доцент А.Г. Мухаметгалиев басқарды. Осы кезеңде қызметкерлермен 50-ден астам ғылыми жұмыс жарық көрді, 2 рационализаторлық куәлік алынды, оқу құралдары шығарылды. 1995 жылдан бастап 2001 жылға дейін кафедраны профессор М.Н. Әшірматова басқарды. Осы уақыт ішінде 1 ф.ғ.д. (Махатов Б.К.), 7 ф.ғ.к. (Тоқешова Л.Е., Худайбергенова А.М. және т.б.) және 2 м.ғ.к. (Сопиева С.Э., Басқақова И.В.) дайындалды. Содан кейін фармакогнозия кафедрасы фармацевтикалық химия кафедрасымен біріктірілді, оның басшысы болып профессор Бейсенбеков А.С. Үш жыл бойы 2008 жылдан Фармакогнозия кафедрасын профессор Р.А. Омарова басқарды, 1 қыркүйек 2010 жыдан бастап – ф.ғ.к., Саякова Галия Мырзагалиевна Фармакогнозия курсының меңгерушісі болды.

Токсикологиялық химия пәні фармацевтика факультетінде өз бетінше пән ретінде 1953 жылдан бастап оқытылады, 1970 жылға дейін Қазақ мемлекеттік медицина институтының фармацевтикалық химия кафедрасының жанынан сот химиясы курсы жұмыс істеген. Сот химиясы курсын Георгий Дмитриевич Грачев жүргізді. 1975 жылдан бастап «Токсикологиялық химия» пәні фармацевтикалық факультеттің химия кафедрасында оқытылды. 1977 жылы фармацевтикалық пәндер химиясы кафедрасы токсикологиялық және аналитикалық химия кафедрасы болып қайта құрылды, оның меңгерушісі фарм.ғ.д., профессор Кеңес Ушбаевич Ушбаев болды. Токсикологиялық химия кафедрасында жұмыс істеді: фарм.ғ.к. доценті Тегісбаев Есболған Тегісбайұлы, фарм.ғ.д. профессор Байзолданов Төлеген Байзолданұлы, фарм.ғ.д., профессор Бисембаев Эдвард Мұхамеджанович, фарм.ғ.к., профессор Шопабаева Алма Рахимбаевна, фарм.ғ.к., доцент Даулетбакова Фаузия Досмухамедовна.

«Фармацевт-токсиколог» модулі фармацевтика факультетінің кейбір кафедралары қайта құрылғаннан кейін 2011 жылы құрылды. 2011-2013 жылдар аралығында модульдің жетекшісі профессор Байзолданов Төлеген Байзолданович болды. 2013 жылы модульге негізгі химия пәндер қосылды: бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық және коллоидтық химия. 2013-2014 ж.ж. модулін б.ғ.д. Оспанова Феруза Еркебековнв және х.ғ.к. Балпанова Дидара Тілеулесовна басқарды. 2014-2016 жылдары модулді х.ғ.к., доцент Қожамжарова Асель Сейдахметовна басқарды. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Фармацевт-токсиколог» модулі химия-токсикологиялық пәндер курсына өзгертілді.

С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ректорының 12.09.2017 ж. №496 бұйрығына сәйкес бұрын фармацевтикалық пәндер кафедрасының құрамына кірген фармацевтикалық химия, фармакогнозия және химия-токсикологиялық пәндер курстары, Химия-фармацевтикалық пәндер кафедрасының құрамына біріктірілді, фармацевтика ғылымдарының докторы, доцент Бошкаева А.К. басқарды.

2019 жылдан 2021 жылға дейін кафедраны PhD, доцент Берилло Д.А. басқарды.

2021 жылғы қазаннан 2023 жылғы наурызға дейін фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасын PhD, доцент Жумашова Г.Т. басқарды.

2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы меңгерушісінің м.а. болып х.ғ.к., доцент Ахелова А.Л. тағайындалды.