6B07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Олимпиаданың I (университетішілік) кезеңінің қорытындысы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде 6B07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың I (университетішілік) іріктеу кезеңі өткізілді.

Іс-шара 2026 жылғы 8 сәуірде университеттің 2-корпусында ұйымдастырылып, оған жалпы саны 40-қа жуық студент қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық және практикалық дайындық деңгейін анықтау, сондай-ақ үздік студенттерді Республикалық кезеңге іріктеу.

Іріктеу нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған студенттер II кезеңге (Республикалық) қатысуға ұсынылды.

Іріктеу кезеңінің қорытындылары:

3 курс студенттері:

  • Пардабай Назерке – 54/60
  • Тохтарбай Альбина – 49/60
  • Темірханова Ақмерей – 49/60
  • Баянбаева Әсем – 48/60

4 курс студенттері:

  • Әбілова Ғазиза – 44/60
  • Косыбаева Алия – 42/60
  • Нышанбаева Мадина – 40/60
  • Бекмұханбет Ақерке – 39/60

Аталған студенттерге алдағы Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!