Кураторлық сабақ туралы ақпарат

2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 37А мекенжайында Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 4-курс, ФӨТ 23-015 қазақ тобында кураторлық сабақ өткізілді.

Кураторлық сабақ Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының лекторы, куратор Макашева Назгуль Оналбекованың ұйымдастыруымен «Алаяқтықтың алдын алу және білім алушылардың қаржылық қауіпсіздігі» тақырыбында өткізілді.

Сабақ барысында білім алушыларға алаяқтық схемаларының алдын алу, қаржылық қауіпсіздік, күмәнді ақша жинауға жол бермеу, дербес және банктік мәліметтерді қорғау, сондай-ақ ақшалай сыйақы ұсыну арқылы жүзеге асырылатын алаяқтық әрекеттерден сақтану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, білім алушыларға күмәнді ұсыныстар, ақша қаражатын аударуды талап ету немесе өзге де күмәнді жағдайлар туындаған кезде қаржылық операцияларды жүзеге асырмау, дербес деректерді бермеу және мұндай фактілер туралы университеттің Ішкі бақылау бөліміне хабарлау қажеттілігі түсіндірілді.

Кураторлық сабақтың соңында білім алушылар өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысымен танысып, «Таныстым» деген белгі қойылған танысу парағына жеке қолдарын қойды.