Фармация мектебінің фармацевтикалық технология кафедрасында 2026 жылғы 13 қазанда «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне «Тиісті өндірістік практика (GMP)» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс оқушы — фармацевтикалық технология кафедрасының профессоры Капсалямова Э.Н.
Дәрістің міндеттеріне GMP жүйесінің қалыптасу және даму тарихын зерделеу, сондай-ақ GMP талаптарын бұзу және дәрілік заттардың сапасын тиісінше бақыламау салдарынан туындаған қайғылы оқиғалар мен пациенттер үшін ауыр зардаптардың мысалдарын талдау кірді.
Дәріс барысында білім алушылар дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған GMP қағидаттары мен талаптарымен танысты. Фармацевтикалық өндірістің барлық кезеңдерінде GMP стандарттарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге және дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз етудегі тиісті өндірістік практиканың маңызын түсінуге ықпал етті.




