Kelun-Kazpharm фармацевтикалық зауыты өндірісінің ерекшеліктері» тақырыбындағы мастер-класс

15 қазанда Фармация мектебінің фармацевтикалық технология кафедрасында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне арналған «Kelun-Kazpharm фармацевтикалық зауыты өндірісінің ерекшеліктері» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Мастер-класты «Kelun-Kazpharm» ЖШС өндіріс бөлімінің бастығы Шәмшібану Нөкербек жүргізді.

Іс-шараның мақсаты — студенттерді «Kelun-Kazpharm» ЖШС мысалында инфузиялық препараттарды өндірудің негізгі технологиялық үдерістерімен таныстыру.

Мастер-класс барысында білім алушылар фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері, инфузиялық препараттарды өндіру кезеңдері және технологиялық үдерістің әр кезеңінде сапа талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімет алды.

Мастер-класс теориялық білім мен практикалық қызметтің байланысын нығайтуға және болашақ фармацевтика саласы мамандарының кәсіби құзыреттерін кеңейтуге ықпал етті.