Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары профессорлық-оқытушылар құрамының, магистранттар мен студенттердің ғылыми белсенділігінің өсуін, ғылымның біліммен өзара байланысын күшейтуді және ғылымның кадрлық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуден тұрады.
КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ
⦁ Биологиялық (биотехнологиялық) дәрілік заттарды фармацевтикалық әзірлеу
⦁ Биологиялық препараттарды стандарттау
⦁ Биологиялық дәрілік заттар өндірісін ұйымдастыру, жобалау және жарақтандыру


Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарын таңдаудағы саясат:
⦁ Фармацевтика саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау арқылы ғылыми жұмыстың тиімділігін арттыру;
⦁ оқу және ғылыми процестердің бірлігін нығайту, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы және білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне кеңінен тарту;
⦁ оқу процесінде ғылыми қызмет нәтижелерін белсенді пайдалану негізінде профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін тұрақты арттыру;
⦁ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты және халықаралық ғылыми ұйымдарға, қорларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуды кеңейту;
⦁ жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық процесін жетілдіру.

Оқытушылардың басылымға жоспарлаған жұмыстары