2026 жылғы 12 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларына арналған «Дәрілік препараттарды жобалау және өндіру» пәні бойынша дипломалды практикаға қатысты жалпы жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – білім алушыларды дипломалды практиканың ұйымдастырылу тәртібімен, өту мерзімдерімен, практика базаларымен және қойылатын талаптармен таныстыру.
Жиналыс барысында дипломалды практиканың мақсаты мен міндеттері, оны өту тәртібі, білім алушылардың практика кезеңіндегі міндеттері және кәсіби даярлықтағы маңызы талқыланды. Сонымен қатар практиканың өту орны мен мерзімдері, білім алушыларды практика базаларына бөлу және практика жетекшілерімен өзара байланыс орнату мәселелері қарастырылды.
Білім алушыларға практика барысында еңбек тәртібін сақтау, тапсырмаларды уақытылы орындау, қауіпсіздік талаптарын ұстану және алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігі түсіндірілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша білім алушыларға дипломалды практиканы сапалы әрі нәтижелі өткізу үшін қажетті ұйымдастырушылық ақпарат беріліп, туындаған сұрақтар бойынша түсініктемелер ұсынылды.



